BW

Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874  Жарлығымен бекітілген Бағдарлама Қазақстан Республикасын   үдемелі  индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның қисынды жалғасы болып табылады және оны іске асыру тәжірибесі ескерілген. Бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі болып табылады әрі күш-жігер мен ресурстарды секторлардың шектеулі аясына, өңірлік мамандануға шоғырландыра отырып, кластерлік тәсілді қолдану арқылы өңдеу өнеркәсібін дамытуға және тиімді салалық реттеуге бағытталған. «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес ұйымдары бағдарламаның кейбір бағыттарын, атап айтқанда, ірі жобаларды қаржылық қолдауды, болашағы бар жобаларды Қазақстан аумағында іске асыру үшін инвесторлар іздестіруді жүзеге асырады. 

Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы

Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарлама паспорты

Атауы Мемлекеттік 2015 − 2019 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамудың бағдарламасы 
Жетілдірудің негіздемесі

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 922 «Қазақстан Республикасының дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары» атты Жарлығы.

2. Мемлекет Басшысының 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан халқына арналған «Қаазақстандық жол − 2050: біртұтас мақсат, біртұтас мүдделер, біртұтас болашақ» атты Жолдауы.

3. Мемлекет Басшысының Қазахстан Республикасы Президентінің қасындағы шетелдік инвесторлардың  Кеңесінiң XXVI пленарлық мәжілісінде берілген Тапсырмасы

Жетілдіруге жауапты Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технология бойынша министрлігі
Мақсаты Өңдеуші өнеркәсіпте әртараптандыруды ынталандыру және бәсекеге жарамдылығын көтеру;  
Міндеттер

1. Өңдеуші өнеркәсіпті өздіру дамыту;

2.Басымдылық секторларында тиімділікті көтеру және қосылған құндылықты көбейту;

3. Шикізаттық емес тауарларды өткізу үшiн нарықтарды кеңейту;

4. Нәтижелі жұмыспен қамтуды көбейту;

5. Өңдеуші өнеркәсіпте басымдылық секторларды технологиялық жаңа деңгейге келтіру және инновациялық кластерлерді қалыптастыру арқылы болашақтық секторларын дамытуға негізiн құру;

6. Өңдеуші өнеркәсіпте кәсіпкерліктi ынталандыру және кіші және ортаншы табыскерлікті дамыту.

Жүзеге асыру мезгілі 2015 -2019 жж.
Мақсатты индикаторлар

2019 жылға дейін 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда мынадай экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу:

1.   өндірілген өнеркәсіптік тауарлардың көлемін нақты көріністе 43% - ға арттыру;

2.   өңдеуші өнеркәсіптегі жалпы қосылған құнның нақты мәнде кем дегенде 1,4 есеөсуі;

3.   өңдеуші өнеркәсібінің жұмыс өнімділігін нақты мәнде кем дегенде 1,4 есе өсуі;

4.   шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық ауқымының  кем дегенде 1,1 есе өсуі;

5.   өңдеуші өнеркәсібінің энергия тұтынуын кем дегенде 15 %-ға төмендету;

6.   өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтылуының 29,2 мың адамға өсуі.

Қаржыландырудың деректемелері және көлемдері

2015 - 2019 жылдар аралығында Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен көзделген  жалпы шығындар 643 909, 6 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:

2015 жыл – 327 506,3 млн.теңге*

2016 жыл – 111 324,6 млн. теңге*

2017жыл – 74 464,6  млн. теңге*

2018жыл – 64 785,3  млн. теңге*

2019 жыл –  65 828,8 млн.теңге*

 

 

Түсінік*

сомасы тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады.

 

 

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың ағымдағы мәртебесі бойынша ақпарат

Мақсаты

 

Еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін барынша ынталандыру.

Міндеттер

 

1) дәстүрлі секторларда кәсіпорындарды жаңғырту есебінен тиімді базалық индустрия құруды аяқтау;

2) ірі сала құраушы жобаларды іске асыру арқылы индустриялық өсудің жаңа нүктелерін құру;

3) экспортқа бағдарланған тиімділігі жоғары индустриялық кәсіпкерліктің пайда болуы және (немесе) өз еңбегінің өнімділігін тұрақты арттыруға арналған жағдайларды қамтамасыз ету;

4) инновациялық-белсенді бизнестің сыни массасының пайда болуына алғышарттар жасау.

Іске асыру мерзімі

2015-2019 жылдар.

Бағытты индикаторлар

2019 жылға қарай келесідей экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу:

1) өңдеуші өнеркәсіп өнімдері экспортының құндық көлемінің 2015 жылғы деңгейге қарағанда 19%-ға өсуі;

2) 2015 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің 22%-ға өсуі;

3) өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар көлемі 4,5 трлн. теңге;

4) өңдеуші өнеркәсіптегі энергия сыйымдылығын 2014 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 7%-ға төмендету.

 

2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ 2019 жылдың 1 жартыжылдығында іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат

 

1-ші іс-шара: «Бизнестің жол картасы – 2020» Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жабдықтарды жаңғырту мен жаңартуды қаржыландыру жолымен өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі қолдау.

Мәртебесі: 2016-2018 жылдары республикалық бюджеттен 37,5 млрд.теңге бөлінді. «БЖК 2020» шарттарына сәйкес микширлеу үшін 9,4 млрд.теңге мөлшерінде коммерциялық қаражат тартылды. 30,5 млрд. теңге игерілді, оның 24,4 млрд.теңге - бюджет қаражаты. 2016 жылы 10 млрд. теңге мөлшерінде бөлінген қаражат "БЖК 2020" шарттарына сәйкес 2,5 млрд. теңге мөлшерінде 8 жобаға бөлінген. Осы қаражаттан 11,9 млрд.теңге игерілді, оның ішінде 2019 жылдың 1-жартыжылдығында 34 476 мың теңге игерілді («ФерроТрансТрейд» ЖШС - 15 005 мың теңге, «Масло дел» ЖШС - 19 471 мың теңге жобалары қаржыландырылды). 2017 жылы 17,5 млрд. теңге мөлшерінде бөлінген қаражат «БЖК 2020» шарттарына сәйкес 4,4 млрд. теңге мөлшерінде 9 жобаға бөлінген. Осы қаражаттан 14,9 млрд.теңге игерілді, оның ішінде 2019 жылдың 1-жартыжылдығында 9 709 093 мың теңге игерілді («КСМ Техновид» ЖШС - 1 473 162 мың теңге, «ENEVERSE KUNKUAT» ЖШС - 6 421 783 мың теңге, «ГорКомТранс» ЖШС - 192 595 мың теңге, «Казполиграф» ЖШС - 72 575 мың теңге, «Масло дел» ЖШС (2 мәміле) - 52 193 мың теңге, «Asia Trafo» ЖШС (2 кезең) - 1 178 796 мың теңге, «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС - 317 989 мың теңге). Осылайша, 2019 жылдың 1 жартыжылдығында игеру 9 743 569 мың теңгені құрады, оның ішінде 7 794 855,2 мың теңге - бюджет қаражаты. 2018 жылы 10 млрд.теңге мөлшерінде бөлінген қаражат есебінен «БЖК 2020» шарттарына сәйкес 2,5 млрд. теңге мөлшерінде коммерциялық қаражатты микширлеуді ескере отырып, 10,2 млрд. теңге сомасына 4 жоба мақұлданды. «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес 2019 жылы 14 млрд.теңге бөлу көзделген. 2019ж. 1 жартыжылдығының соңындағы жағдай бойынша қаражат бөлінген жоқ. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға бюджеттік несие берудің негізгі шарттары 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 212 ҚРҮҚ бекітілді

                                                              

01.07.2019 жылғы жағдай бойынша «БЖК 2020» бойынша 12 жоба қаржыландыруда: «КСМ Техновид» ЖШС, «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС, «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС, «Проммашкомплект» ЖШС, «Казполиграф» ЖШС, «Масло-Дел» ЖШС (2 мәміле), «Қарағанды қаласының ГорКомТранс» ЖШС, Asia Trafo ЖШС, Asia Trafo ЖШС (2-кезең), «НУР-СТРОЙ» ЖШС, «ENEVERSE KUNKUAT ЛТД» ЖШС, «Казполиграф» ЖШС, «Масло-Дел» ЖШС (2 мәміле), «ФерроТрансТрейд» ЖШС;

Мониторингте 4 жоба: «Масло-Дел» ЖШС, GROUP INDEPENDENT ЖШС, «Баян Сұлу» АҚ, «Шин-Лайн» ЖШС;

УО (уәкілетті орган) мақұлдаған 11 жоба (1 және 2 кезең): «СаеромКЗ (SaeromKZ)» ЖШС, «Солнечный сүт зауыты» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Alina Group» ЖШС, «Шин-Лайн» ЖШС, «Масло-Дел» ЖШС (3 мәміле), «Best Textile» ЖШС, «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ, Novа Jet ЖШС, «Казполиграф» ЖШС, «Исткомтранс» ЖШС.

5-ші іс-шара: «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының несие беруі арқылы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде инвестициялық жобаларды қаржыландыру.

Мәртебесі: 2019 жылы 3-4 тоқсанға 11 млрд теңге жоспарланған. 2015 – 2019 жылдарға арналған ИИДМБ іске асыру шеңберінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) 01.07.2019 ж. жағдай бойынша республикалық бюджет (бұдан әрі – РБ) қаражатынан келесідей қаржы бөлінген:

  • 75 млрд теңге (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.10.2016 ж. №603 Қаулысы негізінде);
  • 80 млрд теңге (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.04.2017 ж. №161 Қаулысы негізінде, оған сәйкес игеру кезеңі қарыз алушының шотына несие аударылған күннен бастап 3 жылды құрайды).
  • 12 млрд теңге (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.07.2018 ж. №414 Қаулысы негізінде, оған сәйкес игеру кезеңі қарыз алушының шотына несие аударылған күннен бастап 2 жылды құрайды).

Бюджеттік несиелерді беру шарттарына сәйкес ҚДБ нарықтық жағдайда қосымша 167 млрд теңге (бюджеттен тыс көздерден) тартады. Осылайша, РБ қаражатын пайдалана отырып, ИИДМБ жобаларын қаржыландыруға бағытталатын қаржылық қаражат пулының жалпы сомасы 334 млрд теңгені құрайды.

01.07.2019 ж. жағдай бойынша, ИИДМБ-ны іске асыру шеңберінде РБ қаражатын тарта отырып, ҚДБ мақұлдаған ИИДМБ инвестициялық жобалары бойынша нысаналы қаражаттың жалпы сомасы 162,95 млрд теңгені құрады, оның ішінде іс жүзінде 119,11 млрд теңге, оның ішінде РБ-тен 105,9 млрд теңге және АЖ-13,2 млрд теңге игерілді.

01.07.2019 ж. жағдай бойынша 8 жоба қаржыландыруға мақұлданды: 1) Шымкент МӨЗ-ін қайта жаңарту және жаңғырту; 2) Жәйрем КБК салу және жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғырту; 3) күштік трансформаторлар өндіретін зауыт салу; 4) Қарағанды кешенді қорытпалар зауытын салу; 5) Қарағанды қаласында ферросилиций өндіретін зауыт салу; 6) Ақмола облысында жылына тірі салмақта өнімділігі 60 мың тонна болатын бройлерлер өсіретін құс фабрикасын салу; 7) К5 экоклассасының мотор отындарын өндіру (2-ші кезең); 8) Шымкент қаласында трет-бутил эфирі метил өндіретін зауыт салу.

2019 жылдың 1 жартыжылдығында мақұлданған жобалар бойынша игеру сомасы 5 688,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде РБ - 2 642,9 млн.теңге және АЖ – 3 045,9 млн. теңге.

 

31-ші шара: «Даму» КДҚ» АҚ арқылы ЕДБ кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау.

Мәртебесі: 2019 жылдың 1 жартыжылдығында 68 млрд. теңге сомасына субсидиялау бойынша 1123 жобаға қол қойылды. 2019ж. 1 жартыжылдығына төленген субсидия сомасы 14 380,6 млн. теңгені құрады. Қол қойылған жобалардың жалпы саны «БЖК 2020» жүзеге асырылғаннан бастап 13 781 жобаны құрайды, оның жалпы сомасы 2 489,7 млрд.теңге. 2019 жылға «БЖК 2020» бойынша жалпы сипаттағы трансферттерден (бұдан әрі – ЖСТ) субсидиялау құралы бойынша 28 168,2 млн.теңге бөлінді. «БЖК 2020» шеңберінде жаңа субсидиялау шарттарына қол қою үшін қосымша 4,2 млрд. теңге қажет.

 

32-ші шара: «Даму» КДҚ» АҚ арқылы басым секторларда ЕДБ кредиттері бойынша кепілдіктер беру.

Мәртебесі: 2019 жылға «БЖК 2020» бойынша ЖСТ-ден 3 024 483 мың теңге бөлінді. 01.07.2019 жылғы жағдай бойынша «БЖК 2020» шеңберінде 10 млрд.теңге сомаға 641 жоба (жоспар 1 400 бірлік) кепілдікпен қамтамасыз етілді, бұл ретте «Даму» КДҚ» АҚ кепілдігімен берілген несиелер көлемі 26,3 млрд. теңгені құрады (01.07.2019 ж. жағдай бойынша 3 024,483 млн. теңгенің 1 359,630 млн. теңгесі игерілді, бұл 45% құрайды). Өңірлер бойынша жергілікті бюджеттен нысаналы трансферттердің тапшылығы шамамен 1,9 млрд теңгені құрайды.