BW

Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874  Жарлығымен бекітілген Бағдарлама Қазақстан Республикасын   үдемелі  индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның қисынды жалғасы болып табылады және оны іске асыру тәжірибесі ескерілген. Бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі болып табылады әрі күш-жігер мен ресурстарды секторлардың шектеулі аясына, өңірлік мамандануға шоғырландыра отырып, кластерлік тәсілді қолдану арқылы өңдеу өнеркәсібін дамытуға және тиімді салалық реттеуге бағытталған. «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес ұйымдары бағдарламаның кейбір бағыттарын, атап айтқанда, ірі жобаларды қаржылық қолдауды, болашағы бар жобаларды Қазақстан аумағында іске асыру үшін инвесторлар іздестіруді жүзеге асырады. 

Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы

Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарлама паспорты

Атауы Мемлекеттік 2015 − 2019 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамудың бағдарламасы 
Жетілдірудің негіздемесі

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 922 «Қазақстан Республикасының дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары» атты Жарлығы.

2. Мемлекет Басшысының 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан халқына арналған «Қаазақстандық жол − 2050: біртұтас мақсат, біртұтас мүдделер, біртұтас болашақ» атты Жолдауы.

3. Мемлекет Басшысының Қазахстан Республикасы Президентінің қасындағы шетелдік инвесторлардың  Кеңесінiң XXVI пленарлық мәжілісінде берілген Тапсырмасы

Жетілдіруге жауапты Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технология бойынша министрлігі
Мақсаты Өңдеуші өнеркәсіпте әртараптандыруды ынталандыру және бәсекеге жарамдылығын көтеру;  
Міндеттер

1. Өңдеуші өнеркәсіпті өздіру дамыту;

2.Басымдылық секторларында тиімділікті көтеру және қосылған құндылықты көбейту;

3. Шикізаттық емес тауарларды өткізу үшiн нарықтарды кеңейту;

4. Нәтижелі жұмыспен қамтуды көбейту;

5. Өңдеуші өнеркәсіпте басымдылық секторларды технологиялық жаңа деңгейге келтіру және инновациялық кластерлерді қалыптастыру арқылы болашақтық секторларын дамытуға негізiн құру;

6. Өңдеуші өнеркәсіпте кәсіпкерліктi ынталандыру және кіші және ортаншы табыскерлікті дамыту.

Жүзеге асыру мезгілі 2015 -2019 жж.
Мақсатты индикаторлар

2019 жылға дейін 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда мынадай экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу:

1.   өндірілген өнеркәсіптік тауарлардың көлемін нақты көріністе 43% - ға арттыру;

2.   өңдеуші өнеркәсіптегі жалпы қосылған құнның нақты мәнде кем дегенде 1,4 есеөсуі;

3.   өңдеуші өнеркәсібінің жұмыс өнімділігін нақты мәнде кем дегенде 1,4 есе өсуі;

4.   шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық ауқымының  кем дегенде 1,1 есе өсуі;

5.   өңдеуші өнеркәсібінің энергия тұтынуын кем дегенде 15 %-ға төмендету;

6.   өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтылуының 29,2 мың адамға өсуі.

Қаржыландырудың деректемелері және көлемдері

2015 - 2019 жылдар аралығында Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен көзделген  жалпы шығындар 643 909, 6 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:

2015 жыл – 327 506,3 млн.теңге*

2016 жыл – 111 324,6 млн. теңге*

2017жыл – 74 464,6  млн. теңге*

2018жыл – 64 785,3  млн. теңге*

2019 жыл –  65 828,8 млн.теңге*

 

 

Түсінік*

сомасы тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады.

 

 

БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ

2017 жылғы 1 қыркүйекке қатысты Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - ИИДМБ) іске асыру туралы анықтама

 

 

Барлығы 2016-2017 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдарының желісі бойынша ИИДМБ іске асыруға республикалық бюджеттен 309,7 млрд теңге (2016 ж. – 146,8 млрд теңге; 2017 ж. – 162,9 млрд теңге) бөлінді, және 161,8 млрд теңге немесе 52% (2016 ж. – 86,8 млрд теңге; 2017 ж. – 75 млрд теңге) игерілді. 2017 жылдың 1 қыркүйегіне қатысты жағдай бойынша барлық игерілмеген сома 147,8 млрд теңгені құрады.

Игермеудің негізгі себептері:

– «ҚДБ» АҚ желісі бойынша: 2016 жылдың соңында ИИДМБ жаңа жобаларын қаржыландыруға бөлінген 75 млрд теңге (42,5 млрд теңге игерілмеген) және 2017 жылдың сәуір айында бөлінген 80 млрд теңге (80 млрд теңге игерілмеген), нақты 2017 жылдың басынан бастап игеріле бастады (игеру кезеңі 3 жыл).

– «ҚДБ-Лизинг» АҚ желісі бойынша: республикалық бюджеттен 2016 жылдың қарашасында бөлінген 10 млрд теңге (7,7 млрд теңге игерілмеген) 2017 жылдың басынан бастап игеріле бастады. Қалғаны 2017 жылдың соңына дейін игеріледі.

– «Даму» КДҚ» АҚ желісі бойынша: ЕДБ кредиттерінің мөлшерлемесін субсидиялау және ЕДБ кредиттерін кепілдендіру бойынша 2016 және 2017 жылдары 62,9 млрд теңге (4,5 млрд теңге игерілмеген: 2016 жылы 219 млн теңге жеткізушінің шартты міндеттемелерді орындамауына, сонымен қатар, қалыптасқан үнемдеуге байланысты; 2017 жылы игерілмеген 4,3 млрд теңге жыл соңына дейін игеріледі) бөлінді.

– «KazakhExport» ЭСК» АҚ желісі бойынша: 2016 және 2017 жылдары бөлінген 27,9 млрд теңгеден 2017 жылы 9,6 млрд теңге игерілмеген. Бөлінген қаражатты игеру кезеңі жаңартпалы негізде 7 жылды құрайды, бұл ретте қаражаттың бастапқы игерілуінің қалдығы жыл соңына дейін экспорттық сауда және экспорт алдындағы қаржыландыру екі бағыты бойынша күтілуде.

– «ТДҰА» АҚ желісі бойынша: 2016 және 2017 жылдары бөлінген 4,8 млрд теңгеден 2017 жылы 3,44 млрд теңге игерілмеген. Оның ішінде, жыл соңына дейін Ұлттық инновациялар байқауын (ағымдағы жылдың қазан айында), Инновациялық конгресті және Инновациялық жобалар көрмесін (ағымдағы жылдың қараша айында) өткізу, сонымен қатар, инновациялық гранттар ұсыну үшін жобаларды іріктеу (өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 2 қазанында аяқталады) тәрізді негізгі шаралар бойынша қаражаттың қалғанын игеру күтілуде.

 

2016-2017 жылдарға әлеуметтік-экономикалық әсер:

  1. Құрылған жаңа жұмыс орындары – 16 485 бірлік (2016ж. – 16 135 бірл.; 2017ж. – 350 бірл.);

  2. Сақталған жұмыс орындары – 44 938 бірл. (2016ж. – 44 938 бірл.);

  3. Өндірілген өнім – 3 358,7 млрд теңге (2016ж. – 3 331,2 млрд теңге; 2017ж. – 27,5 млрд теңге);

  4. Салық түсімдері – 315,9 млрд теңге (2016ж. – 211,8 млрд теңге; 2017ж. – 104,1 млрд теңге);

  5. Экспортталды – 216 млрд теңге (2016ж. – 95,4 млрд теңге; 2017ж. – 120,6 млрд теңге).

 

 

 

2017 жылдың жұмыс орындары мен өндірілген өнім бойынша мәліметтері 2018 жылдың бірінші тоқсанында қолжетімді болады.