Холдинг рейтингтері

Fitch Ratings

 

2014 жылғы 14 шілдеде Fitch Ratings Эмитентке шетел валютасында «BBB+» эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингісін («ЭДР»), ұлттық валютада «A-» эмитент дефолтының ұзақ мерзімді ЭДР, «AAA(kaz)» ұлттық ұзақ мерзімді рейтингісін және шетел валютасында «F2» эмитент дефолтының қысқа мерзімді ЭДР берді. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

2015 жылғы 13 шілдеде Fitch Ratings Эмитенттің рейтингтерін растады: шетел валютасында «BBB+» эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингісі («ЭДР»), ұлттық валютада  «A-» ұзақ мерзімді ЭДР, «AAA(kaz)» ұлттық ұзақ мерзімді рейтингісі және шетел валютасында «F2» қысқа мерзімді ЭДР. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

2016 жылғы 6 мамырда Fitch Ratings Қазақстан Республикасының шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР төмендегеннен кейін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР «ВВВ+»-ді «ВВB»-ге дейін төмендетті, ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді ЭДР «A-»-дан «BBB»-ге дейін төмендеген, ұлттық ұзақ мерзімді рейтингісі «AAA(kaz)» деңгейінде, шетел валютасындағы қысқа мерзімді ЭДР «F2» деңгейінде. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

 

2017 жылғы 5 мамырда Fitch эмитетке шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР BBB/тұрақты деңгейінде растады (егемендіге сәйкес келеді). Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

 

Moody’s

2017 жылғы 4 қазанда Moody’s Investors Service халықаралық рейтингілік агенттігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға ғаламдық шәкіл бойынша «Ваа3» деңгейіндегі рейтингін берді, болжам – «Тұрақты». Сонымен қатар «Ааа.kz» деңгейіндегі ұзақ мерзімді ұлттық рейтингісін тағайындаған.

Холдинг рейтингі Қазақстанның егеменді рейтингтерін көрсетеді. Moody’s пікірі бойынша «Бәйтерек» холдингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржылық тұтқасы болып табылады және Қазақстанның экономикалық дамуында ерекше рөл атқарады.

Standard & Poor’s

2014 жылғы 13 тамызда Standard & Poor’s Холдингке контрагенттің «ВВВ+/А-2» деңгейіндегі шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша кредит рейтингтерін, сондай-ақ «kzAAA» ұлттық шәкілі бойынша рейтинг тағайындады. Рейтингтердің өзгеру болжамы – «Негативті».

2015 жылғы 12 ақпанда Standard & Poor’s  Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді егеменді кредиттік рейтингтерін төмендеткеннен кейін Эмитенттің шетел және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВВ+»-тан «ВВВ»-ге дейін төмендетті. Бірмезетте Эмитенттің шетел және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері «А-2» деңгейінде расталды. Рейтингтер өзгерістерінің болжамы – «Негативті». Сондай-ақ, Эмитенттің ұлттық шкала бойынша рейтингтері  «kzAAA»-дан «kzAA+»-ке дейін төмендеді. Эмитенттің рейтингтері Қазақстан Республикасының егеменді рейтингтеріне сәйкес келеді.

2015 жылғы 10 шілдеде Standard & Poor's контрагенттің шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша кредит рейтингтерін «ВВВ+/А-2» деңгейінен «ВВВ-/А-3» деңгейіне дейін, сондай-ақ ұлттық шәкіл бойынша рейтингті «kzAA+» деңгейінен «kzAA» деңгейіне дейін төмендетті. Рейтингтердің өзгеру болжамы - «Негативті». Рейтингтің төмендеуі мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігін бағалаудың өзгеруімен байланысты.

2016 жылғы 24 ақпанда Standard & Poor's Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтингісінің төмендеуінен кейін Холдингтің контрагенттің шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша кредиттік рейтингілерін «ВВВ-/А-3» деңгейінен «ВВ+/B» деңгейіне дейін, сондай-ақ ұлттық шакала бойынша рейтингін «kzAA» деңгейінен «kzAA-» деңгейіне дейін төмендетті. Рейтингілердің өзгеру болжамы - «Негативті».

2016 жылғы 30 маусымда Standard & Poor's Холдингтің рейтингісін растады: контр агенттің шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемесі бойынша кредиттік рейтингісі «ВВ+/B», сондай-ақ ұлттық шкала бойынша рейтингі «kzAA-». Рейтингілердің өзгеру болжамы - «Негативті».

2017 жылғы 30 маусымда S&P эмитент рейтингі ВВ-/В деңгейіне дейін төмендетілген. Рейтингілердің өзгеру болжамы - «Негативті».

2017 жылғы 1 шілдеде эмитент Standard & Poor’s 2017 жылғы 13 тамыздан бастап эмитенттің кредиттік рейтингі туралы хабарлама жіберген.

 

2017 жылғы 11 тамызда Standard & Poor’s өтініш жасауына байланысты эмитенттің барлық рейтингілерін қайтарып алды. Қайтарып алу алдында Standard & Poor’s Холдингтің «ВВ-/В» деңгейінде шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша қысқа мерзімді кредиттік рейтингілерін растады.