Стратегия Холдинга «Байтерек»

«Бәйтерек» Холдингінің Стратегиясы

 

"Холдинг стратегиясын" жүктеу

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның миссиясы мемлекеттік саясатты іске асыру және "Стратегия – 2050" қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның пайымы – корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстанның экономикасын тұрақты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды, оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің маңызды институты.

Маңызды міндеттері:

  1. Экономиканың шикізаттық емес салаларын дамыту;
  2. Кәсіпкерлікті (экономиканың жеке секторын) дамыту;
  3. Экономиканың урбандалуын қолдау;
  4. Шикізаттық емес өнімнің экспортын қолдау;
  5. Инновацияларды дамыту.

Стратегиялық қызмет бағыттары:

  1. Ірі бизнес сегментіндегі кәсіпкерлікті қолдау;
  2. Шағын және орта бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау;
  3. Тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  4. Экспорттық әлеуетті ұлғайту;
  5. Трансферт және инновацияларды енгізу.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызмет тиімділігінің маңызды стратегиялық көрсеткіштері:

р/с №

Қызметтің түйінді көрсеткіші

Негіздеме

2023 жылға арналған нысаналы мәні

1

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның жалпы активтеріндегі кредиттік және инвестициялық портфель үлесі

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ активтерінің қазынашылық портфельге орналаспай, экономиканы дамыту үшін жұмыс жасалғаны маңызды

77 %

2.

Есепті жылға қарыз алудың жалпы құрылымында мемлекеттік емес көздерден қарыз алу үлесі

Даму институты теңгерімінің көбіне мемлекеттік емес көздерден қарыз алып өсуі маңызды (ішкі және сыртқы капитал нарықтарынан)

80 %

3.

ROA((шоғырландырылған)

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қаражатының қайтарылуын қамтамасыз етуді қоса алғанда, құнды белгілеуі маңызды. Бұл ретте параметр, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ны тәуекелдерді (NPL үлесі, валюталық тәуекелдер) және операциялық шығындарды басқаруға ынталандырады

Кемінде

1 %

4.

Кредиттік портфельдегі жеке сектордың үлесі

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ активтерінің квазимемлекеттік секторға мүлдем инвестицияланбағаны не тиісті кәсіпорында не жобада кем дегенде 50% жеке инвестициялар үлесі болғанда инвестицияланғаны маңызды

80 %

5.

Жаңа жобалардың және еңбек өнімділігін арттыру мен өткізу нарықтарын кеңейтуді ескере отырып қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және кеңейту бойынша жобалардың саны (2014 жылдан бастап жиналғандардан)

"Нұрлы жол" бағдарламасын, ИИДМБ және өзінің бағдарламаларын іске асыруға үшін

55 600 бірл.

6.

Қолдауға ие болған кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнімдердің көлемі (2014 жылдан бастап жиналғандардан)

"Нұрлы жол" бағдарламасын, ИИДМБ және өзінің бағдарламаларын іске асыруға үшін

42 700 млрд теңге

7.

Шетелдік инвестицияларды тарту

Қазақстан Республикасы экономикасының нақты секторына шетелдік инвестицияларды тарту бойынша тапсырмаларды іске асыру

Кемінде 2:1

8.

Қолдау құралдары ұсынылған тұрғын үй көлемі (2014 жылдан бастап жиналғандардан)

Тұрғын үйдің экономикалық қолжетімді ш.м. жеткілікті санын қамтамасыз етуге арналған "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру

2019 жылға дейін 2 851 мың ш.м.

9.

Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халқына тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі қатысушылар үлесі

Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халқының көп бөлігін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін

17 %

10.

Коммерциялық тұрғын үй үлескерлерінің салымдарын кепілдендіру

Жеке құрылысшылардың коммерциялық тұрғын үй салуын қолдау және үлескерлер құқығын қорғау үшін тұрғын үй құрылысына халықтың қаражатын тартудың жаңа тетігі ретінде "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру

50 %

11.

Экспорттық және экспорттау алдындағы қаржыландыру шеңберінде қолдауға ие болған кәсіпорындардың экспорттық табыстарының көлемі (2014 жылдан бастап жиналғандардан)

"Нұрлы жол" бағдарламасын, ИИДМБ іске асыру үшін

1 054 млрд теңге

12. 

Өндіріске енгізілген технологиялардың және салалардың технологиялық міндеттерін шешуге және технологияларды коммерцияландыруға бағытталған жобалардың саны (2014 жылдан бастап жиналғандардан)

ИИДМБ іске асыру үшін

81 бірл.