2013

 «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығымен құрылды.

Холдингтің негізгі міндеті ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығымен тиесілі және сенімгерлік басқаруға берілген акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару.

Холдинг құрамына бұрын мемлекеттік органдардың басқаруында болған 10 даму институты және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ кірді.

 

2014

 Холдинг 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының операторы болды. Холдинг құрамында 2013 және 2014 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген 20 млрд теңге капиталдандырумен Kazakhstan Infrastructure Fund инфрақұрылымдық қоры құрылды.

Елдің инфрақұрылымдық дамуына жәрдемдесу үшін Холдинг пен «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ бірлесіп «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС құрды.

Холдингтің құрылымында экономиканың басым секторларына инвестиция салу үшін Baiterek Venture Fund венчурлік қоры құрылды.

 

 

2015

 «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» 62-ші қадам аясында Еуразиялық экономикалық одақта бәсекеге қабілетті көшбасшы бола алатын қатысушы компаниялардың серпінді өсуіне жәрдемдесу мақсатында «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – ұлттық чемпиондар» бағдарламасы қолға алынды.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Тұрғын үй құрылысын іске асыру бөлігінде Өңірлерді дамытудың 2002 жылға дейінгі бағдарламасы операторларының бірі болып белгіленді.

 

2016

 Холдинг «Нұрлы жол», 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму, «Бизнестің жол картасы – 2020», Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы секілді мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруды жалғастырды.

Ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры «ТҚКҚ» АҚ болып қайта құрылды.

 

2016 жылдың қыркүйегінде «МЖӘ жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС мандатын кеңейту, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС индустриялық және инфрақұрылымдық жобалардың жобалық құжаттамасын қаржыландыру және әзірлеу жөніндегі Қорға қайта атау туралы шешім қабылданды.

 

 

2017

1 қаңтардан бастап «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды, оның аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Тұрғын үй блогы оны іске асырудың бірыңғай операторы болып белгіленді.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясы өзектендірілді. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік басқару кодексі жаңа редакцияда бекітілді.

Басқарма «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ 2018-2023 жылдарға цифрландыру стратегиясын бекітті. Бизнесті кешенді және клиентке бағытталған етіп қолдауды қамтамасыз ететін «Digital Baiterek кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай порталы» ақпараттық жүйесі тұрақты (өнеркәсіптік) пайдалануға енгізілді.

 

Холдингтің еншілес ұйымдары, «ҚДБ» АҚ және «ҚКМ» АҚ-мен «ҚДБ»АҚ жобаларын капиталдандыру мақсатында 100 млн АҚШ доллары көлемінде DBK EquityFund тікелей инвестициялар қоры құрылды.

Холдингпен құрылымды оңтайландыру бойынша процедуралар жүргізілді, атап айтқанда, «ҚИҚ» АҚ бойынша жалпы сомасы 337 млн теңгеге 4 жоба бойынша қатысу үлесін жүзеге асырды. «ТДҰА» АҚ бойынша «Қ. И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Технопаркі» ЖШС-не қатысу үлесі іске асырылды.

 

2018

 Директорлар кеңесімен Холдингтің елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін экономиканың жеке секторының жобаларына шоғырланатын жаңа редакциядағы инвестициялық саясаты бекітілді.

2018 жылдың желтоқсанында «Қазақстан қор биржасы» АҚ 15 жыл айналыс мерзімімен 77,7 млрд теңге сомасына теңгелік облигациялардың дебюттік шығарылымы орналастырылды

 

2018 жылы «ҚДБ» АҚ құралдарының көмегімен құны 173 млрд теңге тұратын 6 жаңа кәсіпорын пайдалануға берілді, атап айтқанда, Ақмола облысында Макин құс фабрикасы, көлік-логистикалық орталық және Шымкентте минералды су мен сусындарды құю зауытының жаңа қуаты салынды, Павлодар облысында темір жол дөңгелектерін өндіру кешені құрылды, Батыс Қазақстан облысында К5 экоклассасының мотор отынын өндіру жолға қойылды, Маңғыстау облысында минералды тыңайтқыштар өндіру зауыты жаңғыртылды.

 

Есепті жылы «ҚДБ-Лизинг» АҚ көмегімен 54 млрд.теңгеге 74 лизингтік мәміле қаржыландыруға мақұлданды, атап айтқанда, «Жетісу» авиакомпаниясы» АҚ өтінімі бойынша қаржы лизингіне беру үшін екі әуе кемесін сатып алуға, «КСМ Техновид» ЖШС өтінімі бойынша энергиялық тиімді сәулет қасбеттері зауытының құрылысына, «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС өтінімі бойынша Ақтөбе қаласында керамогранит және керамикалық плитка өндіру зауытының құрылысына және өзге де жобаларға.

 

2018 жылы «ҚКМ» АҚ қатысуымен қорлар 46 млрд теңге сомасына 5 жобаны инвестициялады, атап айтқанда, жел электр станциясының құрылысы (екі қор – DBK Equity Fund, Baiterek Venture Fund АҚ), қойма үй-жайларының құрылысы, «Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы және жылжымалы паркті жаңғырту.

 

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бұрын қабылданған бағдарламалар (Нұрлы жол, Өңірлерді дамыту бағдарламасы) шеңберінде 28,4 мың пәтер пайдалануға берілді. Жыл қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғындарға жалпы сомасы 360 млрд.теңгеге 38,3 мың жеңілдетілген қарыз берді. Үлестік тұрғын үй құрылысы бойынша жалпы сомасы 56,4 млрд.теңгеге жеке құрылыс салушылардың жобалары кепілдендірілді.

Халықтың ипотекалық қарыздары мен жеке құрылыс салушылардың несиелері 94,8 млрд.теңге сомасында субсидияланды.