«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – Ұлттық чемпиондар 2.0»

«Біз орта бизнестің көшбасшы компанияларын қолдау үшін «Ұлттық чемпиондар» бастамасын іске қосу қажеттігі туралы бұрыннан бері айтып келеміз. Бұл тапсырма біз үшін өте маңызды.


Олар экономиканы алға тартып, жан-жағынан ұсақ бизнестерді құратын болады. Олар үшін қаржылық, әдістемелік қолдау шаралары мен шетелдік тәжірибе пакеттері әзірленуі тиіс».

 

Н.Ә. Назарбаев
Image
N.A.N

Бағдарлама туралы

logotipy

 

 

 

«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – Ұлттық чемпиондар» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 62-ші қадамында белгіленген тапсырмасы бойынша әзірленді. 

Бағдарламаның мақсаты

Өңдеуші өнеркәсіпте бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған және технологиялық өндіріс құруға жәрдемдесу.

Қатысушыларға арналған шарттар

Бағдарламаға қатысу үшін Компания келесі базалық критерийлерге сай болуы тиіс:

  • өңдеуші өнеркәсіп саласы;

  • кәсіпкерлік субъектісі:

  • штаттық бірлік саны >100 дана бірл.;

  • жылдық түсім > 300 000 АЕК;

  • экспортқа бағдарланған бағыт ;

  • ЭЫДҰ халықаралық жіктелімі бойынша технологиялық компания;

  • капиталдағы қазақстандық қатысу (51% және одан жоғары);

  • нарықта 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы;

  • жарғы капиталындағы мемлекеттің немесе мемлекеттік сыңайлы сектордың үлесі - 50%-дан кем (мемлекеттің жарғы капиталынан шығу стратегиясы бар);

  • ірі халықаралық корпорацияның ЕК емес (бірлескен кәсіпорындар капиталда қазақстандық қатысу 51% және одан жоғары болған жағдайда рұқсат етіледі);

  • банкроттық, кәсіпорынды тарату рәсімдері жоқ;

  • инвестициялық жобаның болуы (идея немесе ТЭН кезеңінде).

Бағдарлама мерзімдері

1 – Кезең «Іріктеу» 
    - «Қатысуға өтінім беру» 2018 қазан – желтоқсан
    - «Өтінімдерді диагностикалау» 2019 қаңтар – наурыз
2 – Кезең «Іске асыру» 2019 наурыз– 2021 қазан
3 – Кезең «Мониторинг» 2019 қазан –2023 қазан

Бағдарлама ерекшеліктері

Бағдарлама аясында компанияларға: «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС тарапынан ТЭН әзірлеу және «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ сервистік-технологиялық консалтингінен бастап, «Қазақстанның даму банкі» АҚ-нан жеңілдетілген қаржыландырудың, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың және кепілдендірудің, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ үлестік қаржыландыру құралдарын пайдаланудың (қажет болған жағдайда), «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ қолдау құралдарын қолдануға дейін қаржылық, сондай-ақ қаржылық емес қолдаудың жеке шарттарына дейін шаралар кешені көрсетілетін болады.

 

Қолдау шаралары әр компанияның қажеттіліктеріне және іріктеу нәтижелеріне байланысты анықталатын болады.

 

Бағдарламаның әрбір іріктелген қатысушысына жеке көңіл бөлініп, кешенді қолдау көрсетілетін болады.

Байланыс телефондары

Жоба басшысы
Рустем Кайратович Касенов
Телефон: +7(7172)919198


Толтырылған өтінім нысандары мына электронды адреске жіберіледі: r.kassenov@baiterek.gov.kz.

Өтінім үлгісін, сондай-ақ Бағдарламаның толық мәтінін осы парақтың төменгі жолында жүктеуге болады.

Бағдарламаның Call-орталығы +7 (7172 ) 91-91-98

«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – Ұлттық чемпиондар 2.0»

       

Қатысуға арналған өтінім нысаны және Бағдарлама мәтіні