BW

Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнесті қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы

Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасын "Бәйтерек" Холдингі және еншілес құралымдар 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында іске асырады. Бұл бағыттың негізгі міндеттерінің ішінде: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін (бұдан әрі - ШОК) кредиттік ресурстар құнын төмендету, жеке қаржылық институттар қаражатын тарту есебінен ШОК субъектілерінің көбірек санын қамту, қазіргі қарыздарын қайта қаржыландыру арқылы ШОК қарыз жүктемесін төмендету, сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктердің ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерін кірістіру арқылы ШОК субъектілері үшін кредиттік ресурстарды ұсынудың қолжетімділігі мен жеделдігін арттыру.

Бағдарлама төлқұжаты

2014 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Ұлттық Банкпен бірлесіп шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бойынша бірлескен әрекеттер жоспары қабылданды. Осы жоспар аясында Қазақстанның Ұлттық Қорынан өңдеу өнеркәсібінде жобаларды іске асыратын шағын және орта бизнесті қаржыландыруға 100 млрд. теңге бөлінуде.

 

2014 ж. 17 сәуірінде "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ және оның ешлілес құрылымы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ 13 екінші деңгейдегі банкпен өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру үшін 100 млрд. теңгені орналастыру туралы кредиттік келісімдерге қол қойды. Алты ай ішінде екінші деңгейдегі банктер бұл қаражатты мақсатты топ үшін, яғни, өңдеу өнеркәсібінде жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер үшін игеруге тиіс. Бұл жоспардың осы қаражатты игеру бойынша негізгі бағыты келесідей:
    •    50 млрд. теңге шағын және орта бизнестің жаңа жобаларын қаржыландыруға бөлінеді.
    •    50 млрд. теңге қарыз алушыларды қайта қаржыландыру үшін пайдалануға рұқсат етіледі.

 

Солайша, жоспар бір уақытта бірнеше міндетті шешуге мүмкіндік береді:
Біріншіден, шағын және орта бизнестің жаңа жобалары бойынша инвестициялық қызметті ынталандыру.
Екіншіден, кәсіпкерлер өндірістік қызметін табысты іске асыра алуы үшін, олардың жобаларын тиімдірек шарттармен қайта қаржыландыруға мүмкіндік береді.

 

Жаңа жобалар аясында артықшылық тағам өнеркәсібіне, яғни, тағам өнеркәсібіндегі жобаларға беріледі.

Өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер үшін кредиттеу шарттары:

Қатысушылар –  өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын ШОБ субъектілері

Қаржыландыру лимиті –1 850 млн.теңгеге дейін 
Қаржыландыру  валютасы – теңге 
Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6% 
Орналастыру мерзімі –120 айға дейін
Мақсатты тағайындалуы –өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар

"Даму" КДҚ" АҚ арқылы екінші деңгейдегі банктер үшін кредиттеу шарттары:

Қаржыландыру валютасы – теңге 
Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2% 
Орналастыру мөлшерлемесі – 240 ай
Мақсатты тағайындалуы –өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын ШОБ субъектілерін кредиттеу 
Игеру мерзімі – лимиттің ашылуынан кейін 6 ай
ЕДБ маржасы – жылдық 4% артық емес
Комиссиялар – комиссиясыз, алайда ШОБ бастамасы бойынша кредит шарттарының өзгеруі жағдайында, комиссия "Даму" КДҚ келісіледі

 

 

Ұлттық Қордан бөлінген қаражатты бақылауды біздің "Бәйтерек" Холдингіміз және "Даму" Қоры іске асыратынын атап кеткен жөн. ҚР жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия екінші деңгейдегі банктерді таңдады, сонымен қатар, олар арасындағы қаражатты бөлуді және қайта бөлуді іске асырды. Қаражатты жұмсауға бақылау жүргізу комиссиясы бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды, сонымен қатар, Елбасына оның тапсырмасын орындау туралы тоқсандық есеп тапсыруды жүзеге асырады.

 

.

BW
BW
BW
BW
BW
BW
BW
BW

2019 жылғы 01 тамызға дейінгі жағдай бойынша Бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы анықтама

  1. Субсидиялар беру

«Даму» КДҚ» АҚ Бағдарламаның 3 бағыты бойынша 2010 жылдан бастап 2 517 млрд.теңге сомасына 13 941 жоба субсидияланды. (Оның ішінде 2018 жылы несиелердің жалпы сомасы 173 млрд.теңгеге 1 432 жоба; 2019 жылы несиелердің жалпы сомасы 74 млрд. теңгеге 1 186 жоба қолдау тапты).

Субсидияланатын жобалардың салалық құрылымында өңдеуші өнеркәсіп жобалары басым (1 174 млрд.теңге жалпы несие сомасына 3 914 жоба), Көлік және қоймалау саласы (360 млрд. теңге сомасына 3 151 жоба).

Субсидиялау нәтижелерін салаларға бөлу

Сала

Жобалар саны, бірлік.

Несиелер сомасы, мың теңге

Өңдеу өнеркәсібі

3 914

1 174 020 460

Көлік және қоймалау

3 151

359 557 594

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

1 858

255 281 620

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

1 120

136 824 787

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

870

85 394 021

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

851

155 196 788

Білім беру

587

49 157 320

Өнер, ойын-сауық және демалыс

336

73 275 968

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

212

47 895 719

Басқа да қызмет түрлерін көрсету

177

6 209 187

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

160

44 093 774

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

158

9 058 503

Құрылыс

157

14 109 602

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

130

11 723 305

Ақпарат және байланыс

108

22 178 336

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

101

17 989 131

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

48

55 110 016

Қаржы және сақтандыру қызметі

2

36 142

Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтарының қызметі

1

55 222

Жалпы қорытынды

13 941

2 517 167 493

Өңірлер арасында Шығыс Қазақстан (жалпы сомасы 161 млрд. теңгеге 1 119 жоба) және Павлодар (жалпы сомасы 172 млрд. теңгеге 1071 жоба) облыстары көш бастап тұр.

Субсидиялау нәтижелерін өңірлерге бөлу

Өңір

Жобалар саны, бірлік.

Несиелер сомасы, мың теңге

Түркістан облысы

455

74 251 645

Шымкент қ.

463

196 555 838

Маңғыстау облысы

549

82 154 051

Ақмола облысы

709

116 786 262

Қызылорда облысы

725

64 803 332

Алматы облысы

765

218 518 888

Атырау облысы

791

100 948 379

Батыс Қазақстан облысы

810

121 496 713

Нұр-Сұлтан қ.

883

198 746 150

Солтүстік Қазақстан облысы

894

97 772 343

Жамбыл облысы

901

105 442 549

Қарағанды облысы

918

148 894 356

Алматы қ.

926

340 275 434

Қостанай облысы

971

183 687 862

Ақтөбе облысы

991

133 931 529

Павлодар облысы

1071

171 656 766

Шығыс Қазақстан облысы

1119

161 245 396

Жалпы қорытынды

13 941

2 517 167 493

  1. Кепілдік беру

5 631 жоба бойынша 211,77 млрд.теңге несие сомасына кепілдік берілді, кепілдік сомасы 86 млрд. теңгені құрады. (Оның ішінде 2018 жылы 1 191 жоба кредиттердің жалпы сомасы 49 млрд. теңгеге қолдау тапты, кепілдік сомасы 19 млрд. теңгені құрады; 2019 жылы жалпы сомасы 33,2 млрд. теңгеге 778 жоба қолдау тапты, кепілдік сомасы 12,6 млрд. теңгені құрады.)

Салалық бөліністе қаржыландырылған жобалар арасында ең үлкен үлесті өңдеу өнеркәсібі (85 млрд.теңге жалпы сомасына 1 814 жоба) және сауда саласы (26 млрд. теңге кредит сомасына 1 123 жоба) алады.

Кепілдік беру нәтижелерін салалға бөлу

Сала

Жобалар саны, бірлік.

Несиелер сомасы, мың теңге

Өңдеу өнеркәсібі

1 791

82 980 686

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

1 123

26 175 178

Көлік және қоймалау

976

29 121 456

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

379

16 923 812

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

303

11 316 965

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

282

13 584 378

Білім беру

234

10 506 726

Өнер, ойын-сауық және демалыс

106

4 695 945

Басқа да қызмет түрлерін көрсету

94

1 819 416

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

80

3 299 947

Құрылыс

60

2 458 105

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

53

1 147 024

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

47

1 563 318

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

40

2 155 916

Ақпарат және байланыс

34

1 413

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

23

1 678 705

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

3

900

Қаржы және сақтандыру қызметі

3

36 352

Жалпы қорытынды

5 631

211 776 562

Өңірлер арасында Ақтөбе (жалпы сомасы 15,27 млрд.теңге болатын 446 жоба) және Атырау (жалпы сомасы 12 млрд. теңге болатын 418 жоба) облыстары көш бастап тұр.

Кепілдік беру нәтижелерін өңірлік бөлу

Өңір

Жобалар саны, бірлік.

Несиелер сомасы, мың теңге

Ақтөбе

446

15 269 824

Атырау

418

 12 059 594

Шығыс Қазақстан облысы

414

13 393 993

Нұр-Сұлтан қ.

394

20 923 804

Қостанай

379

15 143 446

Жамбыл

373

12 047 536

Павлодар облысы

369

12 914 654

Алматы облысы

350

13 703 938

Қызылорда облысы

345

10 614 359

СҚО

340

13 054 332

Алматы қ.

334

16 418 632

БҚО

317

10 532 451

Маңғыстау облысы

315

10 444 260

Ақмола облысы

301

9 876 998

Қарағанды облысы

282

13 746 216

Түркістан облысы

145

6 000 372

Шымкент қ.

109

5 632 152

Барлығы

5 631

211 776 562

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2010-2018 жылдары кәсіпкерлермен 1 216 млрд.теңге сомасына салық төленді (оның ішінде 2018 жылы – 316 млрд. теңге), 19 045 млрд. теңгеден астам сомаға өнім шығару қамтамасыз етілді, 94,8 мың жұмыс орны құрылды, 342,0 мыңнан астам жұмыс орны қолдау тапты.

ШОБ қолдау бағдарламасы

ШОБ қолдау бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысы