Омбудсмен –Холдингтің Директорлар кеңесі тағайындайтын, рөлі өзіне өтініш жасаған, еңбек дауларының қатысушылары болып табылатынХолдингтің қызметкерлеріне консультация беру және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының сақталуын ескеріп (оның ішінде қажет болса құпиялылықты сақтау), өзара қолайлы, сындарлы және іске асырылатын шешімдерді әзірлеуге жәрдем көрсету, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ Холдинг қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауына жәрдем көрсету болып табылатын тұлға.

Омбудсменнің негізгі қызметтері мыналар: 

  • Іскерлік этика кодексі ережелерінің сақталмауы жөніндегі мәліметтерді жинау;
  • қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға Іскерлік этика кодексінің ережелері бойынша консультация беру;
  • Холдинг қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және лауазымды тұлғаларының қабылдаған шешімдеріне (актілеріне) Холдинг қызметкерлерінің берген өтініштерін қарастыру;
  • қақтығыстарды (дауларды) сот органдарына бергенге дейін оларды ерте сатыда шешуде, соттан тыс тәртіпте шешуде Холдинг қызметкерлеріне жәрдем көрсету;
  • алынған өтініштер бойынша қақтығыстарды (дауларды) шешу жөнінде Холдингтің лауазымды тұлғаларына кеңестер беру;
  • жүйелі сипатқа ие қақтығыстарды (дауларды) шешу және болдырмау жөніндегі кеңестер әзірлеу;
  • Холдингтің қызметкерлерімен, мемлекеттік органдардыңжәне ұйымдардың өкілдерімен қажетті кеңестер, кездесулер, консультациялар, талқылаулар жүргізу, сонымен қатар Холдинг қызметкерлерін келіп түскен өтініштер бойынша тыңдау.


Холдингтің лауазымды тұлғаларының және басқа қызметкерлерінің заңға қайшы келетін іс-қимылдары бойынша +7 (7172) 270402 телефоны бойынша, сондай-ақ жазбаша өтініштерді қабылдау үшін Оmbudsman@baiterek.gov.kz электронды поштасына хабарласуыңызды сұраймыз. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» Акционерлік Қоғамының Омбудсмені:
Турганова Майра Дюсенбаевна, Ұжымдық хатшы орынбасары - ұжымдық хатшы қызметінің жетекшісі.