Халықаралық серіктестік

Image
markets
hand shake

Халықаралық іс-шараларға қатысу

2018 жылы және 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында «Бәйтерек» Холдингі басшылығының келесідей халықаралық шараларға қатысуы үшін шет елге 35 сапары ұйымдастырылды:

  • 2018 жылғы 14-17 ақпан, Италия Республикасы Рим қаласында Өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық және алмасу жөніндегі үкіметаралық Қазақстан-Италия жұмыс тобының 8-ші отырысы;
  • 2018 жылғы 29-30 мамыр, АҚШ, Вашингтон қ. тұрғын үй мәселелері бойынша 8-ші Жаһандық конференция;
  • 2018 жылғы 6-8 маусым, ҚХР, Пекин қаласында Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 5-ші отырысы;
  • 2018 жылғы 26-30 қыркүйек, Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің 6-отырысы;
  • 2018 жылғы 27 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан – Испания» Іскерлік кеңесінің 5-ші отырысы;
  • 2018 жылғы 3-6 желтоқсан, Корея президенті Мун Чжэ Инаның Қазақстанға сапары қарсаңында Сеул қаласына сапар;
  • 2018 жылғы 6 желтоқсан, ГФР, Берлин қ.Қазақстан-Герман Іскерлік кеңесінің 11-ші отырысы;
  • 2019 жылғы 10 сәуір, ГФР, Берлин қ. қазақстан-герман МРГ-нің 12-ші отырысы;
  • 2019 жылғы 11-13 сәуір, ХВҚ тобының және Дүниежүзілік Банктің Вашингтон қаласындағы көктемгі кездесулері;
  • 2019 жылғы сәуір, Корея президенті Мун Чже Инаның Қазақстанға сапары аясында Нұр-сұлтан қаласындағы Қазақстан-корей бизнес-форумы;
  • 2019 жылғы 15 мамыр, Алматы қаласындағы "өнеркәсіптік кооперация" тақырыбындағы Қазақстан мен қытай өңіраралық ынтымақтастығының 2-ші форумы;
  • 2019 жылғы 24-28 сәуір, ҚХР Пекин қаласындағы "бір белдеу-бір жол" форумы аясында "Самұрық - Қазына" АҚ дөңгелек үстел отырысы;
  • 5-8 маусым 2019 жыл, Санкт - Петербург Халықаралық экономикалық форумы-2019, РФ;
  • 2019 жылғы 21 маусым, Қазақстан-өзбек ҮАК 18-ші отырысы, Ташкент қ., Өзбекстан

Сонымен қатар, көрсетілген кезеңде Холдинг басшылығы шетелдік серіктестермен және шетелдік ұйымдардың өкілдерімен 128 екіжақты кездесу өткізді.

 

Келісімдер мен меморандумдар

 

2018 жылы және 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында жоғарыда аталған іс-шаралар шеңберінде «Бәйтерек» Холдингі шетелдік әріптестермен бірқатар келісімдер жасады:

  • 800 млн доллар сомасына сақтандыру бойынша «Бәйтерек» Холдингі мен «Sinosure» қытай корпорациясы арасындағы әріптестік туралы шекті келісім;
  • «Бәйтерек» Холдингі, Қытай-Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық қоры және CITIC Eurasian Capital Limited қытай компаниясы арасында Eurasian Nurly (Bright) Investment Fund құру бойынша шектеулі серіктестік туралы келісім;
  • «Бәйтерек» Холдингі мен Испания Корольдігінің сауда жөніндегі Мемлекеттік Хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум;
  • «Бәйтерек» Холдингі мен испандық COFIDES компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум;
  • «Бәйтерек» Холдингі мен Goldman Sachs International компаниясы арасында Холдингтің еншілес ұйымдарын қаржыландыру туралы келісім-хатқа қол қойылды;
  • «Бәйтерек» Холдингі мен KIAT технологияларды дамыту корей институты арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • «Бәйтерек» Холдингі мен шетелдік инфрақұрылым мен KIND қалалық даму Корей корпорациясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • «Даму» КДҚ» АҚ мен Кореяның ШОК агенттігі мен KOSME стартаптары арасындағы ынтымақтастық келісімі;
  • «KazakhExport» ЭСК» АҚ мен К-Sure Корей сауда сақтандыру корпорациясы арасындағы ынтымақтастық келісімі;
  • «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен Sinosure сақтандыру компаниясы арасындағы 800 млн. АҚШ долларына несиелік келісім;

«Бәйтерек» Холдингі мен «Ойлер Гермес» халықаралық экспорт-сақтандыру агенттігі арасындағы 1 млрд. еуро сомасына сақтандыру өтеміне лимит ашу жөніндегі негіздемелік келісім.