Тәуелсіздік күні қарсаңында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобының қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасы Мұрат Құдайбергенов және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ келісімшарттарды есепке алу мен статистика департаментінің директоры Алима Сейітқазиева «Құрмет» орденімен марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Маңғыстау филиалының құқықтық қызмет көрсету секторының меңгерушісі Хапиза Башиева марапатталды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталары «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ қызметкерлерді басқару департаментінің бас маманы Светлана Сё және «KazakhExport» ЭСК» АҚ бас есепшісі Жанаркүл Ботанбековаға тапсырылды.

Сондай-ақ, «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобының бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Холдинг басшылығының атынан алғыс хаттар алды.

Әріптестерімізді құттықтаймыз және кәсіби қызметте табыс тілейміз!