«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы болып өтіп, оның барысында 2017-2021 жылдарға арналған түзетілген Даму жоспары мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ 2018 жылға арналған Жылдық бюджеті қаралды.

Даму жоспарын түзету және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жылдық бюджетін бекітудің мақсаты «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасына түзетулерге және Республикалық бюджеттен қаражатты игеруге, ҚР экономикасына кредит беру және инвестициялаудың болжамды көрсеткішін арттыру мен Холдинг компаниялар топтары шығыстарының кейбір баптарын қысқартуға байланысты бес жылдық кезеңге Холдинг қызметінің негізгі шоғырландырылған көрсеткіштерін нақтылау қажеттілігі болып табылады.

Отырыс барысында Директорлар кеңесі Республикалық бюджет пен Ұлттық қордан қаржылық қаражатты пайдалану туралы ақпаратты назарға алып, «Қазақстанның даму банкі» АҚ-дан қосымша қорландыру тарту бойынша мәміле жасауды мақұлдады және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ 2018 жылға тәуекелдері бойынша барынша мәндерді бекітті.