Алматыда Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ («Бәйтерек» Холдингісінің еншілес ұйымы) ұйымдастырушылары болып табылған XII Инновациялық Конгресс пен Инновациялық жобалар көрмесі өтті.

Іс-шара шеңберінде жыл сайын инновациялық және технологиялық дамудың басты тақырыбы талқыланады. Үстіміздегі жылғы Конгресс тақырыбы «Технологиялық кәсіпкерлікті дамыту» болып анықталды.

Конгресс жұмысына 500-ден аса шетелдік және қазақстандық сарапшы – мемлекет қайраткерлері, инвесторлар, консультанттар, технологиялар трансфері, 4,0 Индустрия элементтері және интернет заттары, бизнес инкубациялау, block-chain салаларындағы бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері қатысты. Конгресс алаңында қатысушыларға іскерлік кездесуді ұйымдастыру және өткізу бойынша қызмет ұсынылды.

Инновациялық жобалар көрмесі шеңберінде экономиканың шынайы секторларында қолданылатын алдыңғы қатарлы технологиялар ұсынылды.

Сонымен қатар, іс-шарада инновациялық қызметте барынша белсенді компаниялар ерекше аталып өтті.