Байқаудың ресми марапаттау салтанаты Алматы қаласында 2017 жылғы 28 қарашасында XII Инновациялық Конгресте өтті.

Байқау жыл сайын, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, халықтың әр түрлі сегменттері арасында инновациялық белсенділікті ынталандыру мақсатында жүргізіледі. Осы жылы Байқау құнды ақшалай сыйлықтар мен компьютерлік техника үшін сайысқа түскен, мектеп оқушылары, студенттер, өнертапқыштар, журналистер мен аймақтар арасында өткізілді. Байқауға рекордты 1000 астам адам қатысты (өткен жылы Байқауға қатысушылар 500 адамнан артық болды). Жеңімпаздарды тәуелсіз сарапшылар комиссиялары таңдады, олардың арасында қоғам қайраткерлері, депутаттар мен сарапшылар болды.

Биыл Байқау 5 номинацияда өтті.

«Үздік өнертабыстық ұсыныс» номинациясында жеңімпаздар мен жүлдегерлер ретінде Давлатбек Ходжибергенов, Василий Пустовойтенко, Борис Ким танылды.

«Орта мектеп оқушыларының арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясында – сәйкесінше Любовь Дудченко, Әлімжан Кеңесбеков, Ксения Богданчикова.

«Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясында - сәйкесінше Дана Абдрахманова, Еркебулан Нагишев, Гулбану Кдырбаева.

«Қазақ тіліндегі инновациялық тақырыпқа баспасөз басылымындағы үздік материал» қосалқы номинациясында - сәйкесінше Камила Дуйсенова, Асхат Райкулов, Айбек Таскалиев.

«Орыс тіліндегі инновациялық тақырыпқа баспасөз басылымындағы үздік материал» қосалқы номинациясында – сәйкесінше Анна Шатерникова, Багдат Хасенова, Асель Муканова.

«Қазақ тіліндегі инновациялық тақырыпқа үздік теледидар сюжеті» қосалқы номинациясында – сәйкесінше Дастан Сапашов, Мирлан Алтынбек, Зарина Смагулова.

«Орыс тіліндегі инновациялық тақырыпқа үздік теледидар сюжеті» қосалқы номинациясында – сәйкесінше Андрей Тараков, Татьяна Рудаметова, Сергей Корняков.

«Орыс тіліндегі инновациялық тақырыпқа үздік радиоматериал» қосалқы номинациясында – сәйкесінше Николай Федотов, Ольга Асхожина, Олжас Кайсарин.

«Қазақ тіліндегі инновациялық тақырыпқа үздік радиоматериал» қосалқы номинациясында – сәйкесінше Алтынай Байдакова, Акбота Ахметова, Макпал Аманбаева.

«Қазақ тіліндегі инновациялық тақырыпқа үздік интернет-материал» қосалқы номинациясында – сәйкесінше Канат Маханбетов, Дәурен Ерболатов, Алтынбек Хумарзах.

«Орыс тіліндегі инновациялық тақырыпқа үздік интернет-материал» қосалқы номинациясында – сәйкесінше Юрий Масанов, Шухрат Хашимов, Индира Кауметова.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай және құнды сыйлықтар ұтып алды.

Қазақстанның ең инновациялық белсенді аймағы Шығыс Қазақстан облысы болды. Бұл аймаққа арнайы ауыспалы мүсінше және ҚР Инвестициялар және даму министрінің қолы қойылған естелік дипломы берілді.