«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен  «KazakhExport» ЭСК» АҚ («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы) өкілдері Париж қаласында Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ЭЫДҰ) штаб-пәтерінде өткен ЭЫДҰ эксперттік кредиттер мен кредиттік кепілдіктер бойынша жұмыс тобының 145-ші кездесуіне қатысты. Кездесуге ЭЫДҰ қатысушы елдерінің өкілдері, Берн одағының мүшелері, Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ), Дүниежүзі банкі мен Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) өкілдері қатысты.

Қазақстан алғаш рет ЭЫДҰ эксперттік кредиттер комитетінің кездесуіне бақылаушы ретінде шақырылды. «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқармасының төрағасы Руслан Искаков кездесуге қатысушыларға экспорттық саясат, қазақстандық экспорттаушыларды қолдаудың қаржылық және институционалдық құралдарын және Қазақстан Республикасының Ұлттық экспорттық стратегиясының негізгі ережелерін таныстырды.

Қазақстан Үкіметі Қазақстанның ЭЫДҰ-ға енуі бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде, сонымен қатар экспортты қолдау шаралары жүйесін ЭЫДҰ мүшесінің мәртебесі берілгенге дейін экспорттық кредит бойынша жұмыс тобының талаптарына сәйкестендіруді талап етуде.

ЭЫДҰ комитеттері ЭЫДҰ қатысушы елдерінің ұлттық экспортты қолдаудың жалпы ережелерін құрып, әлемнің барлық мемлекеттерінің тәуекелді бағалауын жүзеге асырады, бұл өз кезегінде әлемнің дамыған елдерінің экспорттық-кредиттік агенттіктерінің ресурстары есебінен сол немесе өзге елдердің меншігі кез келген түрдегі кәсіпорын және мемлекеттік органдар үшін қаржыландыру құнын анықтайды.

Анықтама үшін: ЭЫДҰ мүше елдердің Экспортты-кредиттік агенттіктері әлемдік сауда және экономиканың ірі кредиторлары болып табылады.