«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымдармен бірлесе отырып, Қызылорда қаласында «Халықаралық ынтымақтастықты дамыту» тақырыбында өткен «Baikonyr Invest» ІХ инвестициялық форумына қатысты.

Форумның мақсаты шетелдік және отандық инвесторлардың өңір компанияларымен өзара табысты әріптестігін орнату, оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыруға әрекет ету үшін бизнес, ғылым және билік өкілдерінің күш-жігерін біріктіру болып табылады.

Форум шеңберінде «Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымдары өңірлердегі кәсіпкерлер үшін қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы ақпаратты ұсынған, сондай-ақ перспективалы инвестициялық жобаларды ұсынушылардың қатысуымен келіссөздер өткізілді.

Өңір кәсіпкерлері «Қазақстанның даму банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы) тарапынан ірі бизнесті қаржылық қолдаудың негізгі бағыттары туралы, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы) инвестициялық жобаларын кешенді қолдау туралы, «KazakhExport» ЭСК» АҚ («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы) тарапынан отандық экспорттаушыларды қолдау шаралары, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы) тікелей инвестицияларының қоры тарапынан үлескерлік қаржыландыру мүмкіндіктері, «Даму» КДҚ» АҚ («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы) шағын және орта бизнесті дамыту бойынша қорының құралдары туралы ақпараттандырылған.