«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен Данияр Жұмашов «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) Басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

Данияр Жұмашов мамандығы бойынша экономист, қаржы магистрі. Оның мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың ұйымдарында, бизнесте жиырма жылдық жұмыс тәжірибесі бар. 

Бүгінгі күнге дейін «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы) Басқарушы директоры болып қызмет еткен. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы) Басқарушы директор – Мемлекеттік бағдарламаларды және құрылыс жобаларын іске асыру департаментінің директоры лауазымдарын атқарған.

Данияр Жұмашов «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ Басқарма төрағасы лауазымында болған, 2016 жылғы 4 сәуірден бастап «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ  басқарған Дәурен Онаевты ауыстырды. 2016 жылғы 11 қазаннан бастап «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ  «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ болып қайта құрылған. 

«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ миссиясы үлескерлік тұрғын үй құрылысын дамыту арқылы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету болып табылады.