Алматыда 35 жасқа дейінгі алматылықтарға баспаналы болу үшін жеңілдетілген заемге алуға мүмкіндік беретін «Алматы Жастары» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Бүгін әкімдікте «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) мен қаланың Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ынтымақтастық туралы тиісті келісімге қол қойды.

«Алматы Жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде, яғни жобаға қатысушыларға жылдық мөлшерлемесі 5% болатын 10 млн теңгеге дейінгі жеңілдікті заем беріледі. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі 3 жылдан 25 жылға дейінгі аралықта төлем қабілетіне қарай жеке жасалады. 

Шара барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жыл Алматыда «Жастар жылы» деп жарияланғанын, соның аясында жастардың мегаполистегі өмірге бейімделуіне, жан-жақты дамуына, тұлға болып қалыптасуына оң ықпал ететін тиісті Жол картасының жүзеге асып жатқандығын атап өтті. 

«Бүгінгі күні қалада 35 жасқа дейінгі жастар саны – 800 мың адам.  Жастар үшін барынша маңызды және өзекті мәселе – жеке тұрғын үйге қол жеткізу. «Алматы Жастары» атты жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын енгізу үшін қазірдің өзінде жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Оның үстіне, бұл жоба жастарды ынталандырудан бөлек қала тұрғындары ақшасының Алматыда қалуына да ықпал етеді. Жеңілдетілген заемді тек Алматы қаласында ғана алғашқы үйді сатып алуға жұмсауға болады. Яғни, осы қаржы есебінен құрылысшылар мен жұмысшыларға жалақы төленеді, кәсіпорындарға тапсырыс беріледі, құрылыс компаниялары қала бюджетіне салық төлейді»

- деп атап өтті Б.Байбек.

Айта кетерлігі, бағдарлама аясында бірінші кезекте жұмыс істейтін жастар ынталандырылады. Қала ұйымдарында жұмыс істейтін жастардың әр жылының өтіліне 1 ұпай есептеледі, ал егер жас адам әлеуметтік салаларда, мысалы мектепте немесе балабақшада еңбек етсе, оның еңбек өтілінің ұпайы екі еселенеді. Әлеуметтік мүмкіндігі төмен жандар үшін де жеңілдетілген жағдай жасалған, олардың қатарына көп балалы отбасылар, 1 және 2-топ мүгедектері, толық емес отбасылар, ата-анасы жоқ балалар және басқалар кіреді.

Қала билігі «Алматы» ӘКК ҰК» АҚ арқылы студенттер үшін жатақхана құрылысын салуды қолға алмақшы. Қазіргі кезде осы жобаға қатысуға «Алматы Менеджмент Университеті» мен С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті ниет білдіруде. Алматы жастарына қолдау көрсетудің Жол картасы аясында 2020 жылға дейін 12 жатақхана салу жоспарланған. Биылғы жылдың аяғына дейін  төрт жатақхана құрылысы аяқталады. 

«Біз тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесінде алғаш рет әкімдікпен салымшыларды қолдауға бағытталған келісімге қол қойып отырмыз. Бұған дейін тұрғын үй құрылысын қолдауға тырысып келсек, бұл жолы бірінші рет бағыт өзгертіп отырмыз. Бүгін біз Алматы әкімдігімен бірлесіп, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне сенетін жастар үшін арнайы осы құралды іске қосып отырмыз. Ең ірі қоржынымыздың бірі осы Алматыда. Бүгінгі күні біздің филиалда 147 мың қала тұрғынының депозиті бар, оның 50 мыңы – 20-30 жас аралығындағы жастар, есептеп көрдік. 13 мыңы биылғы жылы келді»

- деп атап өтті  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бағдарламаға қатысу үшін 10 күн ішінде өтініш беру қажет. Оны арнайы almaty-zhastary.kz сайты арқылы жасауға болады. Авторизация үшін электронды цифрлы қолтаңбаңыз болуы керек, оны жақын маңдағы халыққа қызмет көрсету орталығынан ала аласыз. Өтініш қабылдау мерзімі аяқталған соң қатысушыларды іріктеу басталады. Жеңілдетілген несие алудың үміткерлер пулына қатысушылар «Алматы Жастары» бағдарламасы үшін арнайы әзірленген ұпай жүйесіне сәйкес іріктеледі. Ұпайға үміткердің некеде тұрған жылы, балалар саны, жұмыс өтілі мен еңбек ететін жері, жеке кәсіпкерлігі, Алматыда тіркелген мерзімі және тағы басқа факторлар ықпал етеді. Пул толық жасалған соң «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жұмыс бастайды. Ұйым үміткердің төлем қабілеттілігін тексеріп, жылдығы 5% болатын жеңілдетілген заем береді. Жас алматылық ала алатын несиенің ең жоғарғы сомасы – 10 млн теңге. Заем тек жаңа үй сатып алуға беріледі, пәтерді бағдарламаға қатысушы өзі таңдайды.

«Алматы Жастары» бағдарламасы туралы толық мәліметті Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының www.uzh-almaty.kz сайтынан және «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның www.hcsbk.kz сайтынан және 300 немесе 8-8000-801-880 , +7 (727) 380 05 23, +7 (727) 380 05 02 телефондары арқылы білуге болады, қоңырау шалу тегін.

«Алматы Жастары» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Өтініш беру кезінде қатысушы мен оның жұбайының жасы 35 жастан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұбайлардың тек біреуі ғана қатыса алады;
2. Ерлі-зайыптылар мен олардың отбасы мүшелерінің (егер олар отбасы болса) Алматы қаласында 1 жылдық тұрақты тіркеуі болуы шарт. 
3. Қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу құқығы бар жалға берілетін тұрғын үй немесе меншік құқығындағы тұрғын үй болмауы тиіс;
4. Соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қатысушыға қатысты тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлату фактілері болмауы тиіс;
5. Қатысушының Алматы қаласындағы ресми жұмыс өтілі жарты жылдан кем болмауы тиіс. Аталған талап халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына, атап айтқанда: 
   -1 және 2-топтағы мүгедектерге;
   -мүгедек баласы бар немесе мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға;
   -жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға; 
   -кәмелеттік жасқа толмаған 4 және одан көп баласы бар көпбалалы отбасыларға; 
   -1 және одан көп кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар толық емес отбасыларға қатысты қолданылмайды.
6. Өз-өзін жұмыспен қамтушыларда мерзімі кем дегенде жарты жылды құрайтын жеке кәсіпкерліктің мемлекеттік тіркеуі туралы куәлік болуы тиіс Кем дегенде жарты жылдық ЖК мемлекеттік тіркеуі бар өз бетінше жұмыс 


***

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ. 

БАҚ үшін қосымша ақпарат: 
+7 (727) 279 35 11 (ішкі 00526),
pr@hcsbk.kz