Инновациялық гранттар беру бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 2017 жылдың 2 қазанында аяқталғанын хабарлаймыз. Жалпы, 201 өтінім түсті, оның 118-і технологияны коммерцияландыру бойынша, кәсіпорындарды технологиялық дамыту бойынша 64, 19 өтінім салаларды технологиялық дамыту бойынша түскен. 

Инновациялық гранттарды беру процедурасының аясында барлық өтінім алғашқы талдаудан өткізіледі. Одан өткен жағдайда бір-біріне тәуелсіз ұш сараптамаға беріледі. Олар: технологиялық, қаржылық-экономикалық және құқықтық. Сараптамадан сәтті өткен өтінімдер құрамына тиісті салалар бойынша қоғамдық ұйым өкілдері, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері мен Агенттік қызметкерлері кіретін тәуелсіз грантты қаржыландыру комиссиясының қарауына жіберіледі. Шешім дауыс беру негізінде шығады.

Жоғарыдағы процедуралардан өткеннен кейін тиісті шарт бекітіледі. ТДҰА жобаларын сапалы бақылауды іске асыру үшін мониторинг жүргізілетін болады. Онда салықтық есеп пен қаржылық құжаттарға талдау жасалады және жобаның бекітілген жоспарының орындалуы қадағаланады. Кәсіпорындарды аралау арқылы жобаларға мониторинг жасалады.

Өтінім берушілерге қойылатын талаптардың күшеюіне қарамастан, биылғы жылы қабылданған өтінімдер саны өте жоғары екенін атап өткен жөн. Агенттіктің бірлескен қаржыландыру үлесі 80-ден 50%-ға дейін төмендеді. Осылайша, грант иегерінің жауапкершілігі жобадағы өзінің қаржы салымдарының мөлшерін 50%-ға ұлғайту есебінен жүзеге асып отыр. Бұл ықылассыздардың бағдарламаға қатысу тәуекелін азайтады. Бұдан бөлек, үміткердің табысы грант бойынша 3 жыл ішінде жобаның құнын жабуға тиіс.

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексіне және 2017 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығына сәйкес «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне индустриялық-инновациялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру арқылы 3 инновациялық грант ұсынады:
1) технологияларды коммерцияландыру (200 млн. теңгеге дейін);
2) кәсіпорындардың технологиялық дамуы (400 млн. теңгеге дейін);
3) салаларды технологиялық дамыту (500 млн. теңгеге дейін).
Өтініштер digital.baiterek.gov.kz ресми порталында қабылданды.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік (ТДҰА) инновациялық даму үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге көмектесу және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін құрылған.
ТДҰА "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрылымына кіреді.