«Бәйтерек» ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы цифрлық платформа шеңберінде ШОБ мемлекеттік қолдау шаралары аясында «бір терезе» қағидасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес, тараптар қолжетімді ақпараттық және ұйымдастырушылық ресурстар арқылы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде «бір терезе» қағидасы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік үшін мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын біріктіретін Бірыңғай цифрлық платформа құру бойынша бірлескен жұмысты жүргізетін болады.

«Бірыңғай цифрлық платформаға «Бәйтерек» Холдингі компаниялар тобының 29 қызметін қосуды жоспарлап отырмыз. Олардың ішінде 21 қызмет автоматтандырылады, 8-і ақпараттық сипатта болады. Нәтижесінде, шағын және орта бизнес кредитті қаражаттандыруға, кредиттік кепілдік алуға, қаржыландыру үшін тұрғын үй құрылыс жобаларын қарауға және инновациялық кепілдіктерге тапсырыс бере алады, сондай-ақ жобалық ұсыныс тапсыра алады»

- деді «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әріпханов.

Бизнесті кешенді және клиентке бағытталған қолдау мақсатында Холдинг Digital Baiterek цифрлық алаңын құрған. Жыл соңына дейін Digital Baiterek цифрлық сөресіне Холдинг пен еншілес ұйымдар ұсынатын қызметтердің барлық түрін ауыстыру жоспарланып отыр. Бүгінгі күні қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Холдингтің автоматтандырылған қызметтері шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша Бірыңғай цифрлық платформаға енгізілетін болады.