WestKazInvest – 2017  IV Халықаралық инвестициялық форумының аясында  «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы  холдингі» АҚ   Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері үшін "Даму институттарының бизнесін қолдау құралдары" панельді сессиясын ұйымдастырды. Сессия облыстың бизнес-қауымдастығын «Бәйтерек» Холдингі Компаниялар тобының мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру, сонымен қатар, аймақтағы жаңа бизнес-бастамаларды іздеу мақсатында, БҚО Әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Панельді сессияға қолдау құралдарымен таныстырумен, Холдингтің еншілес ұйымдарының өкілдері қатысты. БҚО кәсіпкерлері "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ("Бәйтерек" Холдингінің еншілес ұйымы) тарапынан ірі бизнесті қаржылық қолдаудың негізгі бағыттары, тікелей инвестициялау қорлары жағынан үлестік қаржыландыру мүмкіндіктері, "Нұрлы жер" Тұрғын үй құрылыс бағдарламасы аясында тұрғын үй салуды қолдау құралдары жайлы  ақпараттандырылды.

Аймақ кәсіпкерлерінің арасында  инвестициялық жобаларды «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС (("Бәйтерек" Холдингінің еншілес ұйымы) компаниясымен кешенді сүйемелдеу, сонымен қатар, аймақтағы шағын және орта бизнесті қолдау құралдары туралы презентациялар ерекше  қызығушылық тудырды.

"Бәйтерек" Холдингінің Жобалық қаржыландыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік департаменті жобасының жетекшісі Азамат Ералин атап өткендей, "бүгінгі күні аймақтағы кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану мүмкіндіктері жайлы толық хабардар емес және Оралда панельді сессияны өткізу бизнес-қауымдастықты "Бәйтерек" Холдингі тобына кіретін даму институттарының басты қолдау құралдарымен таныстыруға мүмкіндік берді".