«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесі кезекті бетпе-бет отырысын өткізіп, оның барысында Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы           3 тамыздағы № 467 қаулысының 1-тармағына сәйкес, Холдингтің Жалғыз акционерінің қарауына «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ны (бұған дейінгі – «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ) бәсекелес ортаға тапсыруға жататын Холдингтің еншілес (қаржылық) ұйымдары тізбесінен алып тастау туралы мәселені шығару шешімі қабылданды. 
Отырыс барысында Директорлар кеңесі сонымен қатар 2017 жылғы ІІ тоқсандағы Холдингтің тәуекел есебі мен Ішкі аудит қызметінің есебін бекітті.