«Бәйтерек» АҚ, Астана. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы болып өтіп, оның барысында Холдингтің 2016 жылға Жылдық есебі бекітілді. Жылдық есепте басты оқиғалар мен Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының 2016 жылғы қызметінің негізгі нәтижелері, есептік кезеңдегі операциялық және қаржылық қызметінің нәтижелері, стратегиялық міндеттер мен оларға қол жеткізу жолдары көрсетілді.

2016 жыл қорытындысы бойынша есепке сәйкес: «Бәйтерек» холдингісінің өз капиталы - 943,4 млрд. теңге, активтері - 4 103 млрд. теңге, кредиттік және инвестициялық портфельдері - 2 908 млрд. теңге. Холдингтің экономиканың шикізаттық емес секторларындағы ұзақ мерзімді кредит беруге үлесі 57%-ды құрады. 606 млрд. теңге сомасына ШОБ 13,2 мың жобасына қолдау көрсетілді. ШОБ-қа кредит берудің жалпы көлемінен үлесі 30,5%-ды құрады. Бизнеске қолдау көрсетуге көрсетілген шаралар 19,4 мың жаңа жұмыс орнын құруға және 76,3 мың жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік берді. Холдингтің еншілес ұйымдары 456,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріп, 15,3 мың отбасы басапанамен қамтамасыз етілді. 2016 жылы берілген ипотекалық қарыздардың жалпы көлемі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ үлесінің 67%-ын құрады.  

Директорлар кеңесінің отырысы барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік басқару кодексі жобасын жалғыз акционерге қарауға енгізу туралы шешім қабылданды Жаңа редакциядағы Кодекс ЭЫДҰ белгіленген стандарттарына «Бәйтерек» холдингісінің корпоративтік басқаруына сәйкес қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Атап айтқанда, Кодекс жалғыз акционердің құқықтарын, дивидендтік саясат принциптерін, Директорлар кеңесі мүшелерінің функционалдық міндеттемелерін орындау принциптерін нақты анықтайды және еншілес ұйымдарда енгізуге жатады.

Сонымен қатар, Директорлар кеңесі 2014-2016 жылдардың қорытындылары бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясын орындау бойынша есепті бекітті. Есепке сәйкес, 2016 жылдың қорытындысы бойынша 2013 жылмен салыстырғанда активтер 2,2 есеге, кредиттік портфель 3 есеге, табыс 1,5 есеге өсті. Есептік кезең үшін Даму стратегиясының орындалуы тиімді деп танылды.
           
Отырыс барысында сонымен қатар «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Іскерлік әдеп кодексіне Холдингтің Комплаенс қызметінің құрылуына байланысты өзгерістер енгізу мақұлданып, ішкі аудит қызметі басшысының 2016 жылдың  III-IV тоқсандарына ішкі аудит қызметі басшысы қызметінің қорытынды нәтижесі туралы есебі бекітілді.