«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ (ҚИК) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ипотекалық несиелерді субсидиялауды жалғастырады – 2017 жылдың 1 шілдесінде «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ мен ВТБ Банк (Қазақстан) арасында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасы бойынша субсидияланатын қарыздарды беруде өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды.

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ның бағдарлама операторы ретіндегі қызметі ипотекалық несиелерді ынталандыруға бағытталған. ҚИК тарапынан Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін банктерді бағдарламаға қатысуға тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстандықтар «Нұрлы жер» бағдарламасының қатысушылары болған - «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ, «Нұрбанк» АҚ сияқты серіктес-банктер қатарындағы ВТБ Банктен (Қазақстан) жаңа тұрғын үйді сатып алу үшін субсидияланатын несие ала алады.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының мақсаты ипотека нарығын қайта жаңғырту болып табылады, - деп атап өтті «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасы Адиль Мухамеджанов, - ипотекалық кредиттеу – тұрғындар үшін қажетті банк өнімі, ол қолжетімді болу керек. Бүгінгі күні ипотека бойынша банктік мөлшерлеме өте жоғары болып отыр. Мемлекет тарапынан ипотекалық кредиттерді субсидиялау барлық бағдарлама қатысушылар үшін пайдалы - банктер қайтадан ипотека бере бастайды, ал біздің еліміздің азаматтары үшін қолжетімді пайызбен тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі туады.».

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздарды субсидиялау қарыз алушылар үшін түпкілікті мөлшерлеме бастапқы тұрғын үй сатып алу кезінде ипотека бойынша жылдық 10% қарастырады, бұл ретте банктің ең жоғары мөлшерлемесі субсидиялау туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5 %-дан артық емес болу керек. Субсидиялау жылжымайтын мүлік құнының 30 пайыз мөлшерінде бастапқы жарна болғанда 10 жылға дейін мерзімге жүргізілетін болады. Алматы және Астана қалаларында кредиттің ең жоғары субсидияланатын сомасы 20 млн теңге, ал облыстарда – 15 млн теңге. Бағдарлама аясында қарыз алушы үшін ай сайынғы төлем нарықтағы ұсыныстармен салыстырғанда 30-40% төмендейді, бұл ретте меншігінде тұрғын үй саны маңызды емес. Қазақстанның кез келген азаматы жалпы талаптарда, кезекке тұрмастан және бағдарлама ережелерімен қарастырылмаған қосымша шартсыз бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады, бұл бағдарлама бойынша жылжымайтын мүлікті басқа жеңілдікті ұсыныстардан сатып алудағы ерекшелігі.

Тұрғындарға банктер тарапынан берілетін ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсатында жыл сайын бағдарлама бойынша 10 мрд. теңге бөлінетін болады. Бұл, бастапқы тұрғын үйді сатып алудағы 120 млрд. теңгеге шамалас сомаға 8 мыңдай қарызды қамтуға мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы – үкіметтің, қазақстандықтарды барлық алдыңғылары біріктірілген қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша атқарған жұмысының нәтижесі болып табылады: 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық дамыту бағдарламасының тұрғын үй бөлімі және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы.