«Бәйтерек девелопмент» АҚ – «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымының қаржылық қатысуымен нысандардың құрылысы жүзеге асты. 2017 жылдың жарты жылдығында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еліміздің әр өңірінде 240,2 мың шар.м. тұрғын үй пайдалануға берілді.

Қарқынды құрылыс белсенділігі Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында сақталған. 2017 жылдың алты айында Шымкент және Атырау қалаларында пайдалануға 40,5 мың.м тұрғын үй немесе 672 және 677 пәтер берілді.

Құрылыс көлемінің біраз өсуі Маңғыстау облысында белгіленген. Ақтаудың тұрғын үй қоры жарты жылда 34.2 мың шаршы м. немесе 540 пәтерге өсті. Одан әрі Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласында жыл басынан 30,2 мың шаршы м. тұрғын үй (504 пәтер). Павлодар облысындағы «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның желісі арқылы салынған жаңа тұрғын үйлердің жалпы аумағы 28,2 мың. шарш. м.құрайды(504 пәтер).

«Биыл мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан тұрғын үйлер құрылысының қарқыны 2016 жылмен салыстырғанда екі есе өсті. Егер былтыр алты ай ішінде пайдалануға 128,8 мың.шарш.м.тұрғын үйлер енгізілсе, 2017 жылдың дәл сондай мерзімінде 240,2 мың шар.м. пайдалануға берілді»,-деп хабарлады.«Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Толеубек Ильясов.

Екінші жарты жылдықта 150 мың шар.м. жалпы аумақтағы 12 тұрғын нысандарының құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Тұрғын үй,негізгі инвесторы болып табылатын «Бәйтерек девелопмент» АҚ , тұрғын үйлер «Қазақстан құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына беріледі, сонымен қатар, жалға беру арқылы әкімшілікте кезекте тұрғандарға беріледі.

<i>«Бәйтерек девелопмент» АҚ – несеилік және жалға беру құрылысы бағыты бойынша қаржыландыратын «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының негізгі операторларының бірі болып табылады. Қоғамның Жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық Басқару Холдингі» болып табылады.</i>