Эксперт РА Қазақстан рейтингтік агенттігінің мәліметтері бойынша "ҚДБ-Лизинг" АҚ ("Қазақстанның Даму Банкі" АҚ еншілес ұйымы, "Бәйтерек" Холдингінің құрылымына кіреді) 87,7 млрд. теңгемен ағымдағы портфель көлемі бойынша екінші орынды және жасалған келісімдер саны бойынша үшінні орынды алды.

Зерттеуде негізгі құрал-жабдықты ұзақ қаржыландырудың құралы болып табылатыны хабарланады: келісімдер көлемінің 77% (ақшалай есепте) әрекет ету мерзімі 6 жылдан артық шарттарға келеді. "Пайыздық мөлшерлемелерге келсек, барлық шарттардың шамамен жартысын құрайтын шарттар 14% жоғары мөлшерлемемен жасалған. Барлық шарттар көлемінің тағы шамамен 28% мөлшерлемесі 10–14%.  Мөлшерлемесі 10% аз құраған шарттар аз емес - 2016 жылдағы келісімдер арасында шамамен 40%, алайда олардың жалпы көлемі барлық шарттардың 19% кем құрады», - деп айтылады материалда.

«ҚДБ-Лизинг» компаниясы республиканың индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес келетін, ірі масштабты жобаларға инвестиция жұмсауға бағытталған. «ҚДБ-Лизинг» үшін экономиканың өңдеу өнеркәсібі, өндірістік және көлік инфрақұрылымы тәрізді секторлары басым болды. 2016 жыл қорытындылары бойынша компанияның жаңа бизнес көлемі 25% өсті және 49,4 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың соңына қатысты портфель де 47% айтарлықтай өсімді көрсетті және 87,7 млрд теңгеге жетті.

«ҚДБ-Лизинг» АҚ "Бизнестің жол картасы 2020" Бірыңғай қолдау және дамыту бағдарламасы және "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы тәрізді мемлекеттік бағдарламаларға қатысады.

Толығырақ сілтеме бойынша: http://kdbl.kz/2017/06/20/%D0%B1%D1%80%D0%BA-%D0%BB%D0%B8%D0%B7%D0%B8%D0%BD%D0%B3-%D0%B2%D0%BE%D1%88%D0%B5%D0%BB-%D0%B2-%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%B9%D0%BA%D1%83-%D0%B2%D0%B5%D0%B4%D1%83%D1%89%D0%B8%D1%85-%D0%BB%D0%B8/" target="_blank">http://kdbl.kz/2017/06/20/брк-лизинг-вошел-в-тройку-ведущих-ли/