Шара қатысушыларының алдындағы алғы сөзінде "Бәйтерек" Ұлттық Басқарушы холдингі" АҚ төрағасы Ерболат Досаев атап өткендей, кездесу барысында тараптар сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың артықшылықты бағыттарын анықтайды, сонымен қатар, Қазақстанда кейінгі іске асырылу үшін, қазақстандық-германиялық бірлескен жобалар тізімі белгіленеді.

«Бәйтерек» Іскерлік кеңесте қосарлас төрағашылық ететін тарап ретінде, ҚР Үкіметінің негізгі даму институты бола отырып, оның барлық еншілес ұйымдарымен бірге, германиялық тараппен өзара тиімді тауар айналымын ынталандыру және бірлескен инвестициялық жобаларды қолдау үшін барлық күш жұмсауға дайын. «Бәйтерек» жобаларды құрылымдау кезеңінен бастап оларды толық қаржыландыруға дейін және экспорттық қолдаумен аяқтаумен, қолдау мен қызметтердің толық пакетін ұсына отырып, қазақстандық-германиялық бизнестің іскерлік бастамалары бойынша сенімді серіктес болуға дайын», - деді ол.

Холдинг басшысы бірлескен кәсіпорындарды, неміс компаниялары мен әр түрлі қаржы институттарының өкілдіктерін қоса, бүгінде Қазақстанда германиялық капитал қатысуымен 1,5 мыңнан астам экономикалық құрылымдар жұмыс істейтіні туралы хабарлады.
Е. Досаев Іскерлік кеңестің Германиямен серіктестік қарым-қатынасты дамытудағы маңызын ерекше атап өтті.

«Қазақстандық-германиялық кәсіпорындардың табысты қызметіне Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесінің қызметі себептесті. Бүгінгі күні кеңес екі елдің бизнес өкілдері үшін маңызды сұхбат алаңына айналды деп санаймын. Бұл алаңда олар бірлескен жобаларды, өзекті мәселелерді талқылай алады және серіктестер таба алады», - деп түсіндірді ол.

Дойче Банк Басқарушы директоры Питер Тильс өз кезегінде қазақстандық тарапқа ынтымақтастық үшін алғысын білдірді. Бұл ретте шетелдік қонақ екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынасты кейінгі нығайту қажеттілігіне ерекше көңіл бөлді.

«Біз экономикалық қарым-қатынасты нығайтуымыз керек. Бұл жерде сөздің мәні инвестициялар жайында. Соңғы жылдары біздің ынтымақтастығымыз өте қарқынды дамуда. Қазақстандық және неміс кәсіпорындары арасындағы сауда табысты дамуда. Біз бүгін келісімдерге қол қоюымыз керек. Олар біздің арамыздағы екі жақты қарым-қатынастың дамуына жаңа екпін беріп, Қазақстандағы кейінгі жұмыста үлкен рөлін атқарады. Біз болашақтағы қарым-қатынасты дамыту үшін бар күшімізді жұмсаймыз», - деді ол.

Қазақстан-Германия Іскерлік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша 872 млр. еуроға 21 коммерциялық келісімге қол қойылды. Қол қойылған құжаттар энергия үнемдеу мен энергиялық тиімділікті жоғарылатуға, сондай-ақ, өнеркәсіптік және техникалық газдармен жабдықтауға, машина жасауға, құрылыс нарықтары желісін дамытуға, сонымен қатар, жоғары технологиялық серіктестік салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты болды.

Оның ішінде, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы - "Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік"  АҚ басқарма төрағасы Марат Омаров TUM International басқарушы директоры Даниель Готшальдпен Астанада неміс технологиялық және кластерлік орталығын құру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оның аясында бірлесіп екі жоба іске асырылады - Қазақстанның өнеркәсіптік білім беру және инновациялық орталығын және Қазақстанның кешенді оқу орталығын құру. Ең алдымен, білім беру орталығы құрылады.

«Бүгін біз Еуропадағы ең көне техникалық университет - TUM халықаралық университетімен, бізбен және НАТР арасындағы келісімге қол қоямыз. Бұл келісім Қазақстан мен Германия арасындағы бірлескен білім беретін оқу инновациялық орталығын құру туралы», - деп әңгімеледі М. Омаров.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық тарап бес жылдық кезеңге есептелген алдын ала бюджеті 15 миллион долларды құрайтын жобаның демеушісі ретінде әрекет етеді. Германиялық тараптан ноу-хау, білім, құзыреттер, білім беру модульдері, тренингтер, тәжірибелік семинарларды ұсыну тұспалануда. Жоба аясында келесі жылы 250 адамды қамту жоспарлануда. "НАТР" басшысы атап өткендей, орталықтың нақты орналасу орны әзір анықталмаған, сондай-ақ, мұнда білім алуға болатын мамандықтар да нақтыланбаған, алайда, оқытудан Назарбаев Университеті және ҚБТУ тәрізді ЖОО қызметкерлері өтетіні белгілі.

«Біз үшін Президенттің индустрия 4.0 жолдауының аясында ең басты фактор адам капиталы болып табылады. Бұл келісім бізге кадрларымызды индустрия 4.0 іске асыру үшін даярлауға мүмкіндік береді. Бұл алаңда өндірістік модульдер жиналады, ол қосарлы оқыту. Біздік неміс әріптестеріміз индустрия 4.0, Қазақстанға не қажет екені және бізге қандай элементтер жетіспейтіні бойынша шолуын аяқтауда. Бұл репорт аясында біз бүгінгі күні Қазақстанға қажетті нақты мамандықтарды іздейтін боламыз. Қазіргі уақытта мамандықтар анықталмаған, сондықтан біз өзімізді шектегіміз келмейді, біз толық пулды дайындауды және жалпы бізде не барын көруді көздеудеміз», - деп қорытындылады М. Омаров.

Барлығы отырысқа 130 жуық маман қатысты, 50 астап делегат неміс тарапынан және 80 артығы қазақстандық жақтан. Олардың арасында мемлекеттік органдар өкілдері, екі елдің дипломаттық өкілдіктері, сонымен қатар, бір қатар белгілі компаниялардың жетекшілері.

сілтеме: https://www.zakon.kz/4868153-po-itogam-x-zasedaniya-kazahstansko.html