"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев Лондондық Ситидің Лорд Мэры, доктор Эндрю Пармли басқарған британдық делегацияны қабылдады. Кездесу барысында тараптар екі жақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің болашағын талқылады.

Ерболат Досаев Эндрю Пармлиді ірі бизнесті, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге, технологиялар мен бизнес трансфертіне, қолжетімді тұрғын үйді салуға көзделген, Холдинг қызметінің негізгі бағыттары туралы хабардар етті.

«Бәйтерек» Холдингі" екі жақты сауда-инвестициялық қатынасты дамытуға белсенді қатысуға дайын және басты британдық компаниялар мен инвесторларды тартумен, ұзақ уақытты ынтымақтастыққа қызығушылық білдіреді», - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Тараптар әлемдік қаржы орталығы ретінде Лондон және Еуразиялық экономикалық одақ пен Орталық Азия аумағындағы үмітті нарық ретінде Қазақстан арасындағы сауда-қаржылық қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығына ерекше көңіл аударды. Қазақстанда британдық тарап "Нұрлы Жол" және "Бір белдеу, бір жол" тәрізді халықаралық инфрақұрылымдық бастамаларды іске асыруда маңызды рөл көреді.

Ерболат Досаев пен Эндрю Пармли сондай-ақ инвестициялық жобаларға сыртқы қорландыруды тарту мүмкіндігін, британдық инвесторлық қауымдастықтың елдің мемлекеттік активтерін жекешелендіруге қатысуы және экспорттық-кредиттік агенттіктер мен тікелей инвестициялау компаниялары арасындағы ұзақ уақытты ынтымақтастықты реттеу болашағын талқылады.

Британдық тараптың «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуының аясында жаңғыртылатын энергетика және  энергетикалық тиімділікті дамыту саласындағы отандық жобаларды қолдау үшін "жасыл қаржыны" дамытудағы ынтымақтастық мүмкіндігі туралы айтылды.  

Кездесу барысында сонымен бірге елге жетекші британдық технологиялық брокерлер мен инновациялық "fintech" компанияларды тарту мүмкіндігі талқыға салынды, ол Қазақстанда заманауи инновациялық экожүйені дамытуға септігін тигізеді және алдыңғы қатарлы қаржылық технологияларды қолдану тәжірибесін кеңейтуге көмектеседі.