«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев Х Астана экономикалық форумының алаңында Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ), Еуразия даму банкінің (ЕАДБ) және Азия даму банкінің (АДБ) басшыларымен кездесу өткізді.
    
Еуропа қайта құру және даму банкінің (бұдан әрі - ЕҚДБ) елдер мен секторлар экономикасы мәселелері жөніндегі Басқарушы директор Маттиа Романимен кездесуде Ерболат Досаев энергетика саласындағы және   экономиканың нақты секторы саласындағы жобаларды бірлесе іске асыруды талқылады. Тараптар мемлекеттік активтерді жекешелендіру және «жасыл қаржыландыру» нарығын бірлесе дамыту перспективаларын талқылады, бұл «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде знергиясы тиімді үй салу сияқты экономиканың әлеуметтік-бағытты секторларына қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

«Азия даму банкі» (АДБ) вице-президенті Венчай Жангпен келіссөздер барысында Ерболат Досаев «Бәйтерек» холдингінің корпоративтік кепілдігімен бірлескен жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін талқылады. «Бәйтерек» холдингі қаржылық және техникалық қолдаудың барлық құралдары спекторын пайдалана отырып, жобаларды қолдауға дайын» - деді Ерболат Досаев. Бұл арада сөз инфрақұрылым, тамақ өнеркәсібі және «жасыл экономика» секторындағы трансшекаралық жобалар туралы болып отыр. Өз кезегінде, Венчай Жан «Бәйтерек» холдингі тобының барлық компанияларымен инвестициялық әріптестікті кеңейтуге қызығушылық танытты.    

«Бәйтерек» холдингісінің басшысы Ерболат Досаев «Еуразия даму банкі» (бұдан әрі – ЕАДБ) Басқармасының төрағасы Дмитрий Панкинмен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар «Қазақстанның даму банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы) арқылы жобаларды бірлесе іске асыру, сондай-ақ қазақстандық жобаларды қолдау, оның ішінде теңгеде қорландыру мүмкіндігі мәселелерін талқылады.