«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оның барысында Холдингтің 2016 жылғы жылдық қаржылық есебі алдын-ала бекітілді. Шоғырландырылған деректерге сәйкес, өткен жылдың қортындысы бойынша Холдингтің таза кірісі 48,6 млрд. теңгені құрады.

Директорлар кеңесі холдингтің 20147-2023 жылдарға арналған жаңарған Стратегиясын тиімді іске асыруға бағытталған 2017-2021 жылдар аралығын қамтитын Даму жоспарын және 2017 жылға арналған түзетілген жылдық бюджетті бекітті. Сонымен бірге, холдингтің басқарма мүшелері қызметінің негізгі көрсеткіштері бекітілді.

Директорлар кеңесі республикалық бюджет пен ұлттық қор қаражатын пайдалану туралы ақпаратты назарға алып, шетелдік банктердің синдикатынан 225 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік беретін «Қазақстанның даму банкі» АҚ-мен («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы) мәміле жасау туралы ақпаратты тыңдады.

Отырыс барысында 2016 жылға акционерлік қоғамның инвестициялық саясаты талаптарын орындау туралы ақпараты назарға алынды, холдингтің ішкі аудит қызметінің 2017 жылғы 1 тоқсанға есебі мен тәуекелдер бойынша есеп, ақпаратты ашу саясатына түзетулер бекітілді, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жарғысына түзетулер мақұлданды.