«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев Пекинде «Бір белдеу, бір жол – 2017» халықаралық экономикалық форумына қатысты, оның шеңберінде қытайлық ірі қаржы институттары мен банктердің басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Кеңес барысында инвестициялық ынтымақтастық, оның ішінде Қазақстан-Қытай бірлескен жобалары бойынша мәселелері талқыланды.

«SINOSURE» Қытай экспортты және кредитті сақтандыру жөніндегі корпорациясы басқармасының төрағасы И.Ванмен кездесуде тараптар одан әрі ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын зерделеді, сақтандыруды Қазақстан-Қытай бірлескен жобалары ретінде тарту мүмкіндігін талқылады. «Бәйтерек» холдингі «SINOSURE» корпорациясымен қол қойылған екіжақты келісім шеңберінде 2015 жылдан бастап серіктестікте.

Жібек жолы қорының басшылығымен кездесуде тараптар Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығы бағдарламасына кіретін ағымдағы және жаңа жобаларды бірлесе іске асыру, сондай-ақ кейіннен инвестициялық қолдау және жобаларды басқаруда ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндігін талқылады.

Жібек жолы қорының президенті Ванг Янцзымен кездесуде тараптар Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығы бағдарламасының ағымдағы және жаңа жобаларын бірлесе іске асыру, сондай-ақ басқа халықаралық қаржы институттарын тартумен жаңартылатын және жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктерін қарады.

Қытай Сауда-өнеркәсіп банкі Қадағалау кеңесінің төрағасы Цянь Веньуймен Ерболат Досаев қазақстандық-қытайлық жобалар ретінде ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту перспективаларын талқылады. Тараптар Жаңа Жібек жолы шеңберінде ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іскерлік бастамаларды қолдау басымдылықтарын атап өтті.

Холдинг басшысы Машина жабдықтары бойынша Қытай ұлттық корпорациясының топ-менеджментімен қытайлықтар тарапының Холдингтің «Ұлт чемпиондары» бағдарламасының қатысушысы Аллюр компаниясы тобымен стратегиялық инвестициялық әріптестігін орнату мәселесін талқылады. Кездесу шеңберінде тараптар стратегиялық әріптес ретінде қытайлық компанияны тарту бойынша Жол картасына қол қойды.

«China Triumph International» қытайлық көп бейінді компаниясының басшылығымен кездесуде көп функционалды табақ әйнек және жоғары қосымша құнмен басқа әйнек өнімін шығару саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Кездесу шеңберінде қазақстандықтар атынан «Orda Glass» ЖШС және қытайлық компания стратегиялық әріптестікті және Қызылорда облысында зауыт салу бойынша жұмысты аяқтауды көздейтін екіжақты келісімге қол қойды. 

Ерболат Досаев Қытай мемлекеттік банкінің президенті Женг Жиемен екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде ШЫҰ банкаралық бірлестігі шеңберіндегі өзара салалары туралы келіссөз өткізді. Сонымен қатар елдің инфрақұрылымдық және экспорттық әлеуетін өсіруге бағытталған жобаларды қолдау үшін қосымша кредиттік желілер ашу мәселелері де қаралды.

ҚХР ірі коммерциялық банкі болып табылатын Қытай банкінің төрағасы Тиян Гаулимен кездесу барысында ұзақ мерзімді инвестициялық ынтымақтастық орнату, оның ішінде Жібек жолының Экономикалық белдеуі жолдары арқылы трансшекаралық жобалар бойынша перспективалар талқыланды.

Қазіргі уақытта Холдинг қытайлық қаржы ұйымдарымен және банктерімен ынтымақтастықта, инвестициялық жобаларды, оның ішінде «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасын іске асыру шеңберінде іске асыруға кіріктірілген.

Анықтама үшін: «Бір белдеу, бір жол – 2017» халықаралық экономикалық форум Азия елдерінің өңірлік ықпалдасу және өзара іс-қимылы проблемаларына арналған, оған 28 мемлекеттің жоғары басшылығының өкілдері қатысқан. Іс-шараның негізгі мақсаты өңірлік және басты экономикалық қатынастар, инвестициялар арқылы инфрақұрылымға мемлекетаралық байланысты дамыту, «Бір белдеу, бір жол» қытайлық бастамасын іске асыруға қатысу мүмкіндігі мәселелерін талқылау болды. Талқылаудың негізгі тақырыптары саяси үйлестіру, инфрақұрылымның өзара байланысы, үзіліссіз сауда, капиталдың еркін қозғалысы, халықтар арасындағы жақындастықты нығайту, ой-талқы орталықтарымен алмасу болды.