Fitch Ratings рейтингілік агенттігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ рейтингілерін «ВВВ» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты».

Агенттіктің хабарламасына сәйкес эмитет дефольтінің ұзақ мерзімді рейтингі (ЭДР) «ВВВ» деңгейінде шетелдік және ұлттық валютада, ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «AAA(kaz)» және қысқа мерзімді РДЭ «F2» шетелдік валютасында.

Холдингтің рейтингілері Қазақстанның тәуелсіз рейтингілерін көрсетеді. Fitch пікірі бойынша «Бәйтерек» холдингі Қазақстанның экономика және инновациялық дамудың шикізаттық емес секторларын әртараптандыру және қолдау, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ қолжетімді тұрғын үй беру арқылы экономикалық даму бойынша саясатын іске асыруда аса маңызды рөл атқарады.

Fitch «Бәйтерек» холдингісінің басымды қамтамасыз етілмеген ішкі облигацияларының «BBB»/«AAA(kaz)» деңгейлеріндегі рейтингісін растады.