Бұл туралы Қазақстан мен Иранның Іскерлік кеңесінің үшінші отырысы барысында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.

«Холдинг, біздің еншілес компанияларымыз, даму институттары жаңа мәмілелер жасасуға мүдделі. Біз бірлескен жобаларды қаржыландыруға дайынбыз, бұл ұзақмерзімді қаржыландыру, капиталға қатысу, экспорттық-импорттық операцияларды сақтандыру мәселелері және басқа да көптеген нұсқалар», - деп мәлімдеді Ерболат Досаев.

Холдингтің Басқарма Төрағасы көрсетілген бағыттарда түйісу нүктесін табу және өзара іс-қимылдың нақты алгоритмдерін жасау Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты сауда-инвестициялық серіктестік әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беретінін баса айтты. «Бәйтерек» холдингі негізгі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар операторы ретінде өз тарапынан «екі елдің кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетуге» дайын.    

Оған қоса, Холдинг басшысы екі мемлекеттің банк ынтымақтастығы, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтағы техникалық кедергілерді және логистикалық қиындықтарды жою шеңберінде өзара есеп айырысудың тиімді тетігін жасау секілді мәселелердің тез шешім табатынына сенім білдірді.