Бүгін Астана қаласында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ өткізген XI Инновациялық конгресс жұмысына  «Бәйтерек» холдингің Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев қатысты.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингің басты  бағыттары шикізаттық  емес саланы қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, инновацияларды ынталандыру жолымен  ел экономикасын әртараптандыруға үнемі қатысу. Инновациялық дамуды ынталандыру  Холдингтің тұрақты назарында»,- деді  Конгрестің ашылуында сөз сөйлеген Ерболат Досаев.

«Бүгінде  Холдинг қаражатының әрбір 5-ші теңгесі  еліміздегі кәсіпорындардың инвестициялық мақсатын қаржыландыруға бағытталған»,- деп атап өтті Ерболат Досаев,-  Еңбек өнімділігін арттыру  және  жаңа технологиялардың трансференті бойынша маңызды рөл Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікке жүктелген. Агенттік алдына  технологиялық кәсіпкерлікті дамыту бойынша маңызды міндет қойылған. Ұйым қызмет еткен кезең ішінде инновациялық гранттар беру жолымен 12,2 млрд. теңге сомасындағы 328 жобаға қолдау білдірді. Соның нәтижесінде  грант алушылармен шамамен 1000 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды, 77 млрд. теңгеге есептелген өнім шығарылды және шамамен бюджетке 4 млрд. теңге салық төленді»,- деді.

Бүгінде Холдинг пен Агенттік қызметтің жаңа бағыттарын қалыптастыру мен дамыту үшін белсенді жұмыстар атқаруда. Алайда, өткен жылғы гранттық қаржыландыруды талдау нәтижесі онда өзге мемлекеттік институттардың қолдау құралдарын қайталайтын тәжірибелік- конструкторлық әзірлемелік жобалар санының басым екендігін көрсетіп отыр.

«Алдағы уақытта Агенттіктің ИИДМБ басым салаларында жоспарланған түйінді жобаларды іске асыруға технологиялық сараптамалар жүргізетін агент ретіндегі рөлі нығайтылатын болады. Бұл  көрсетілген жобаларды іске асыру кезінде елімізге ескірген технологияларды әкелу ықтималдығын төмендетеді»,- деді  Холдингтің Басқарма Төрағасы.

Ерболат Досаевтың сөзіне қарағанда, Холдинг экономиканың нақты саласындағы кәсіпорындардың, олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттіліктеріне сәйкес инновацияларды қолдау құралдарының тиімділігін көтеру бойынша жұмысты белсенді жалғастыра бермек.

Еске сала  кетейік, бүгін Астана қаласында халықаралық және қазақстандық сарапшылардың, үкіметтік және жергілікті атқарушы билік өкілдері, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың басшылары, даму институттары, ҒЗИ мен  ұлттық инновациялық жүйеге негізгі қатысушылар өкілдерінің басын қосқан XI Инновациялық конгресі өтті. Осы жылы  конгресс жұмысында энергетика, жаңа материалдар, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, агроөнеркәсібінде  терең өңдеуді жүргізу сияқты төрт бағытқа айырықша назар аударылды.  Конгресс жұмысындағы маңызды орынды  жиырма алты инновациялық жобалардан құралған  көрме алды.