Қазақстанның Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Директорлар кеңесінің кезектен тыс күндізгі отырысы болып өтті. Отырыс барысында Кеңес мүшелері 2016 жылға арналған Тәуекелдер мен бақылау матрицасын қарады және бекітті.  

2016 жылға арналған Тәуекелдер мен бақылау матрицасына өзгерістер бақылау рәсімдерін жақсарту үшін, сондай-ақ Холдингтің ұйымдық құрылымының өзгерістеріне байланысты енгізілді.  
Сондай-ақ, құжатта қызмет бағыттарының саны 16-дан 17-ге ұлғайтылды (кәсіпкерлік пен инновациялар жеке қызмет бағыты болып бөлінді); Холдингтің бизнес-процестерінің жалпы саны 78-ден 83-ке дейін артты.  

Бұдан басқа, Директорлар кеңесі 2015 жылғы IV тоқсан үшін  «Бәйтерек» холдингінің тәуекелдері туралы есепті бекітті.