Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Қазіргі уақытта ШОК субъектілерінің иелері құрылымында әйелдер үлесі 41 %-ды құрайды. Бұл ретте жеке кәсіпкерлер арасында әйелдер бөлек 47 %-ды көрсетеді», - деп мәлімдеді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында «Бәйтерек» холдингі Басқарма Төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова.

Оның берген ақпараты бойынша, әйелдер арасында кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат операторы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Даму» қоры болып табылады. «Даму» қорының мемлекеттік қолдаудың қаржылық бағдарламаларына қатысатын кәсіпкер-әйелдердің үлесі 33 %-ға жетті.  

Айталық, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 256,6 млрд. теңге кредиттердің жалпы сомасына кәсіпкер-әйелдердің 2 101 жобасы (субсидиялауды алатын барлық қатысушыларының 30 %-ы) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды алды. Салалар бөлінісінде жобалардың ең көп саны өңдеу өнеркәсібі (28 %), көлік және қоймаға жинау (20 %) салаларында қаржыландырылды.
  
19,1 млрд. теңге кредиттердің жалпы сомасына 590 әйелге (кепілдік беру бойынша барлық қатысушылардың 35 %-ы) кредиттері бойынша кепілдік берілді. Кепілдіктер сомасы 8,5 млрд. теңгені құрады. Жобалардың ең көп саны өңдеу өнеркәсібі (30 %) саласында,  сондай-ақ қызмет көрсету (26 %) саласында қаржыландырылды.

Бұдан басқа, әйелдер арасында кәсіпкерлікті кешенді қолдау халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту есебінен де жүзеге асырылады. 2011 жылдан бастап «Даму» қоры Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру бағдарламасын іске асырып келеді. АДБ ұсынымдары бойынша қаражаттың 33 %-ы кәсіпкер-әйелдерге кредит беруге бағытталуы тиіс. Бүгінде 18,0 млрд. теңге сомасына кәсіпкер-әйелдердің 439 жобасы нақты қаржыландырылды, бұл қарыз алушылардың жалпы санының  38 %-ын құрайды.

«Даму» қоры Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесіп, Қазақстанда 50 млн. АҚШ доллары бюджетімен әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың арнайы бағдарламасын іске қосу мәселесін пысықтады. Бүгінгі күні 20 млн. АҚШ доллары сомасына бірінші транш тартылды. 1,5 млрд. теңге сомасына 54 кәсіпкер-әйел қаржыландырылды.  

Қазіргі уақытта Қазақстанда әйелдер жұмыспен қамтылған халықтың 48 пайызын құрайды, шамамен 40% ЖІӨ-ні қалыптастырады. Бұл ретте әйелдер негізінен денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді.