Сайлауалды кампаниясы шеңберінде «Нұр Отан» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші проректоры Жәмилә Нұрманбетова және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ талдау және болжамдау департаментінің директоры Дәрмен Сәдуақасов «Бәйтерек» холдингінің ұжымымен кездесті.

   


«Нұр Отан» партиясы электоралды кампанияға «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасымен қатысады. Ол халыққа берген уәделерін үнемі орындайды. Үкімет «Нұр Отан» партиясы белгілеген стратегиялық міндеттерді белсенді іске асырады. Министрлер кабинеті партия алдында, соның ішінде партияның парламенттік фракциясы алдында бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы жыл сайын есеп береді», - деді партия үміткерлеріне сөз бере отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік хатшысы, «Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымының хатшысы Жәрдем Құрманғазиев.

Кездесу барысында Жәмилә Нұрманбетова мен Дәрмен Сәдуақасов «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы дағдарысқа қарсы тұрақтандыру, экономиканы құрылымдық жаңғырту, қазақстандықтардың өмір сапасының жаңа стандарттары, конституциялық патриотизм мемлекеті, өңірлік тұрақтылық, интеграция мен қауіпсіздік сынды мақсаттарға жетуге бағытталғанын хабарлады.

«Бүгінде Қазақстанның экономикасы мұнай бағасының арзандауы, ұлттық валютаның ауытқуы сияқты ауыр сынақтардан өтуде. Бірақ бұған қарамастан, еліміз жаңа жағдайларда өз тиімділігін арттыруға дайын. Бұл мақсат алдағы бесжылдық кезеңіне арналған сайлауалды бағдарламасының тұғырнамасы болып табылатын Ұлт жоспарын іске асыру барысында орындалатын болады», - деп мәлімдеді Дәрмен Сәдуақасов.

   

«Зерттеулер көрсеткендей, 192 елдің экономикалық өсімге физикалық капиталдың салымы 16 пайызды, табиғи ресурстар – 20 пайызды, адам капиталы – 64 пайызды құрайды. Пайдалы қазбалары жоқ, адам капиталының арқасында табысқа жеткен Оңтүстік-Шығыс Азияның дамыған елдерінің тәжірибесін көріп отырмыз. Қазақстан халқының әлеуеті жоғары. Партияның сайлауалды бағдарламасы осыны дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, еңбек нарығына бағдарланумен кадрларды даярлауға екпін жасалып отыр. Бұл маңызды. Кеңес заманынан бастап Қазақстанда жақсы іргелі білім берілгенімен, тәжірибеге бағдарлану мәселесі көңіл бөлінбеді. ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес кадрларды даярлауда бұл көрсеткіш 40 пайыздан кем еместі құрауға тиіс», - деп атап айтты Жәмилә Нұрманбетова.

«Нұр Отан» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Мемлекет басшысы мен «Нұр Отан» партиясының бастамаларын іске асыруда «Бәйтерек» холдингінің маңызды рөлін атап өтті.

«Холдинг өз өнімдерін халықаралық нарыққа экспорттайтын «Ұлттық чемпиондарды» өсіруде. «Бәйтерек» «Нұрлы Жол» бағдарламасына белсенді қатысуда. Мемлекет тарапынан қаржыландырылатын тұрғын көптеген үй құрылысының объектілері біздің еншілес ұйымдар арқылы жүзеге асырылатын болады. Холдингке еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту миссиясы жүктелді. Біз ИИДМБ-2 шеңберінде ірі индустрияландыру жобаларына қолдау көрсетеміз. Инвестициялар тартамыз. Атап айтқанда, осы жылы белсенді түрде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытамыз», - деді өз кезегінде «Бәйтерек» холдингінің аппарат басшысы Әнуарбек Сұлтанғазин.