«Бәйтерек» холдингі басқармасының шешімімен Руслан Ысқақов «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы болып сайланды.  

Руслан Ысқақов жаңа тағайындауға дейін 2015 жылғы қарашадан бастап «Кипрос» ЖШС басқарушы директоры болып жұмыс істеді. 2014 – 2015 жылдары «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, 2011 – 2014 жылдары – «Сбербанк» АҚ ЕБ ең ірі клиенттер департаменті директорының орынбасары, 2010 – 2011 жылдары - «Сбербанк» АҚ ЕБ АФ корпоративтік клиенттер бөлімінің бастығы, 2008 – 2012 жылдары «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ (Қазақстан) кредиттік операциялар бөлімінің бастығы, 2006 – 2008 жылдары – «Казкоммерцбанк» АҚ  тәуекел-менеджмент департаментінің жобалық тәуекелдерді талдау басқармасының бастығы, 2006 жылы – «Казкоммерцбанк» АҚ  тәуекел-менеджмент департаментінің жобалық тәуекелдерді талдау басқармасының тәуекел-менеджері, 2004 – 2006 жылдары – «Казкоммерцбанк» АҚ  кредит беру менеджері, тәуекел-менеджері қызметтерін атқарды. 2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін тәмамдады.

Еркін Садықов «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы қызметінен басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.