«Бәйтерек» холдингінің «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – Ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысаты «Alageum Electric» компаниясы 2016 жылы Иранға $2 млн сомасына трансформаторлар экспорттайды.  Бұдан басқа, компания Niroo Тransfo ирандық компаниясымен бірлесіп, Қазақстан аумағында трансформаторлық май өндіру зауытын салу туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізді. Осы келісімдер «Бәйтерек» холдингі Тегеранда ұйымдастырған қазақстандық-ирандық форум барысында жасалды.  

«Тегеранда бизнес-форум алаңдарында өткізілген келіссөздер нәтижесінде біздің «ұлттық чемпион» - «Alageum Electric» компаниясы Иранға трансформатор экспортын реттеуді жоспарлар отыр. Тауар жылына осындай өнімнің 10 мың бірлігін шығаратын Орал трансформатор зауытынан жеткізіледі. «Alageum Electric» ирандық әріптестерімен 2016 жылға арналған алғашқы келісімшартты 2 млн. доллары сомасына қол қояды. Бұдан басқа, Шымкентте трансформаторлық май өндіретін бірлескен заутты құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Осы күнге дейін ол Ресейден сатып алынатын», - деді жұма күні Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференцисында «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Ерсайын Хамитов.

Бұған дейін хабарланғандай, форум және Іскерлік кеңес жұмысына 200-ден астам қазақстандық компания, ирандық тараптан – 700-ден астам компания өкілдері қатысты.

Форумның қорытындылары бойынша ирандық әріптестермен бірқатар ынтымақтастық туралы  келісімдерге қол қойылды. Атап айтқанда, қазақстандық «Meat processing service» компаниясы мен «Мұхаммед Халигри» ЖШС арасында 30 млн. доллары сомасына қазақстандық етті экспорттау туралы келісімге қол қойылды.  

Бұдан басқа, қазақстандық «Топан» ЖШС мен ирандық «Электро Кавир» компаниялары Иранға қазақстандық мұнай жабдығын жеткізу бойынша бірлескен кәсіпорын ашу туралы келісті. Қазақстандық «Led System Media» ЖШС келіссөздердің қорытындылары бойынша Иранға жарықдиодтық өнімнің тәжірибелік партиясын жеткізу туралы уағдаласты.  

«Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы қазақстандық вагондарды, локомотив пен дизельдік қозғалтқыштарды жеткізу туралы «Иран Темір Жолдары» және «Raja Rail Transportation» компанияларымен алдын ала уағдаластықтарға қол жеткізді. Бұл ретте ирандық компаниялар Иранның Орталық банкінен не Иранның Экономика министрлігінен кепілдіктер бере отырып, «ҚТЖ» АҚ өнімін сатып алу үшін «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-дан қарыз тартуға ниеттерін білдірді.  

Белгілі болғандай, Холдингтің еншілес құрылымы «Қазақстанның инвестициялық қорының» (ҚИҚ) кейбір активтері бәсекелес ортаға берілуі қажет. Осылайша, ирандық «Sadr Tamin Investment Co» компаниясы ҚИҚ-қа тиесілі «Зерде Керамик» компаниясының үлесін сатып алуға қызығушылық білдірді.  

Сондай-ақ, «Бәйтерек» холдингі Ұлттық даму қорының басшылығымен кездесу өткізді, оның барысында бірлескен инвестициялық қор құру мүмкіндігі талқыланды.

(Анықтама: Иранның Ұлттық даму қоры 80 млрд. АҚШ долларын құрайтын активтердің жалпы көлемімен ИИР ең ірі даму иституты болып табылады. Жыл сайын Иран мұнайының барлық сатылымнан түсетін кірістің 20 %-ы осы қорда шоғырланады. Ұйым Иранда, сондай-ақ шет мемлекеттерде индустриялық жобаларды іске асыратын ирандық компанияларды қолдаумен айналысады).

«Ghadir» ірі инвестициялық холдингпен кездесу өткізу барысында тараптар Қазақстан аумағында тұрғын үй құрылысы саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласты.  

8 ақпанда Тегеран қаласында өткен қазақстандық-ирандық Іскерлік кеңестің алғашқы отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев қазақстандық тараптан тең төраға болып сайланды.  

Аталған отырыс барысында тараптар екі елдің де іскерлік орталарын толғандыратын кең ауқымды мәселелерді талқылады. Соның ішінде ирандық бизнесмендердің қазақстандық визаны алуы рәсімін жеңілдету туралы мәселелердің шешімін табу қажеттілігіне баса назар аударылды. Сондай-ақ, Алматы-Тегеран бағыты бойынша әуе рейстерін ұлғайту және Ақтау-Тегеран мен Астана-Тегеран бағыттары бойынша жаңа рейстерді енгізу туралы ниеттер айтылды.

Қазақстандық тараптан Іскерлік кеңестің тең төрағасы Қ. Бишімбаев осы мәселелер міндетті түрде Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейінде көтерілетінін және аталған мәселелерді шешу үшін қазақстандық тарап барлық қажетті шаралар қабылдайтынын атап өтті.