Парижде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Айнұр Қуатова Қазақстан-француз инвестициялық бизнес-форумына қатысты.
           «Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартуға арналған құралдар» атты сессиясының шеңберінде А.Қуатова «Бәйтерек» холдингі қызметінің жайында және біздің еліміз Холдинг арқылы халықаралық инвесторларға қолдау көрсету шаралары туралы баяндама жасады.
            Холдингтің негізгі стратегиялық бағыттарын таныстыра отырып, баяндамашы экспорттық әлеуетті іске асыруда көмек көрсетудің ерекше маңыздылығына тоқтады. Мысалы, «Бәйтерек» өзінің еншілес компаниялары арқылы – «Қазақстанның Даму Банкі» және «KazakhExport» - металлургия, химия және азық-түлік өнеркәсібінің өнімдерін экспортқа шығаратын кәсіпорындарды жалпы 165 млрд. теңгеге (422 млн. Еуро) қаржыландырды.
            Холдингтің көрсеткен қолдауының арқасында 2017 жылы кәсіпорындардың тауарлар экспортының жалпы көлемі 670 млрд. теңге (1,7 млрд. еуро) құрады. Бұл Қазақстанның жалпы шикізаттық емес экспортының шамамен 15% -ын құрайды.
            Сонымен қатар, Басқарушы директор отандық кәсіпорындар экспортының кең географиясын, яғни, қазақстандық өңдеу өнеркәсібінің тауарлары Еуропалық Одақ, Қытай, Ресей, Украина, Белоруссия, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Моңғолия елдеріне жіберілетінін атап өтті.
            «Бәйтерек холдингі инвестициялық жобаларды табуға, тартуға және қолдау үшін инвесторлармен және бизнес қауымдастықтармен белсенді жұмыс істеуде», - деді Айнұр Қуатова. - Біз экспорттаушылар мен банктерді экспорттық келісімшарттар бойынша төлемдерден қорғау үшін сақтандыруды қолдау құралдарының кең ауқымын ұсынамыз және де «Digital Baiterek» ақпараттық жүйесін дамыту бастамасын жүзеге асырамыз».
            Осы жобаның аясында «бір терезе» қағидаты бойынша клиентке бағдарланған бизнесті қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған ережелер көзделген.
            Форум аясында А.Куатова ірі француздық CDC International Capital инвестициялық компаниясының басшылығымен кездесті.