Бүгін XI Астана экономикалық форумы шеңберінде, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, БҰҰжәнебизнесөкілдері бизнес-секторынтұрақтыдамытумақсаттарын іске асыруға тарту жолдарын талқылады.

Халықаралық және қазақстандық бизнестің өкілдері, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы жаһандық, аймақтық деңгейде (ТМД) және Қазақстанда тұрақты даму мен экономикалық өзгерістерге қол жеткізудегі бизнестің рөлі туралы өз көзқарастарын білдірді.

Бұл сессия бизнестің компаниялары жұмысының, процестерінің және стратегияларының жеке тұрақтылық қағидаттарын енгізудегі білім мен тәжірибеніалмасу және олардың 2030 жылға дейінгі Жаһандық даму күнін насихаттауға белсене қатысу бойынша сұхбат алаңы болды.

БҰҰ-ның ҚазақстандағыТұрақты үйлестірушісі Норимас Шимомурдың айтуынша, инновациялар, инвестициялар және жұмыс орындарын құру үшін теңдессіз мүмкіндіктерді ескере отырып, бизнес секторбасты экономикалық мемлекеттік шешімдерді табу процесінде маңызды болмақ.Мысал ретінде АҚШ экономикасы қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстанның оң жобалары Қазақстанда ТДМ-нің дамуына себеп болды.

«Бұл арада, мен Қазақстанда мемлекеттік және жеке сектор арасындағы ынтымақтастық арқылы ең инновациялық шараларды жүзеге асыруға болатындығын көрдім және оған сенімдімін.Мысалы, қазіргі уақытта біз «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі акционері болып табылатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен төмен көміртекті жобаларға шағын кәсіпкерлікке жеке инвестицияларды ынталандыру үшін жұмыс жасаудамыз.Бұл тәжірибе және басқа да көптеген мысалдар мемлекеттік институттаржеке секторға тұрақты даму саласында күн тәртібімен жұмыс істеудедұрыс ынталандыра алатын маңызды рөлді көрсетеді», - дедіН. Шимомура.

Талқылаудың маңызды бөлігі Қазақстанның коммерциялық кәсіпорындарының ТДМ-ді іске асыруға қатысу мүмкіндіктеріне әсер ететін, Қазақстанның экономикалық шынайылығына байланысты туындаған қиындықтарға арналды.Қатысушылар сондай-ақ мемлекеттік саясат, қаржылық реттеу саласындағы және жаһандық күн тәртібіне қол жеткізуде бизнестің қатысуын белсендіруге қажетті басқа да макроэкономикалық мәселелердегі басты реформаларды атап көрсетті.Осыған байланысты, отырыс спикерлері бизнес компанияларды ашық болуға, тұрақты дамуға, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және әйелдердің шешімдер қабылдау деңгейіне қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инвестициялық жобаларға көбірек қызығушылық танытуға, сондай-ақ қоғам үшін үлкен жауапкершілікке шақырды.

«Бәйтерек» холдингі негізгі даму институты бола отырып, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, еңбек өнімділігін арттыру және басқару процестерін жетілдіру үшін айрықша маңызы бар цифрлық технологияларды дамыту арқылы Қазақстанның тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін бар күш-жігерін салады»,- деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов.

Әріпханов мырзаның айтуынша, Тұрақты даму қағидаттары Ұйымның 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясына және Холдингтің Корпоративтік басқару кодексіне интеграцияланған және инвестициялық талдау мен инвестициялық шешімдерді қабылдауда қолдану үшін жоспарланған.Инвестициялық талдау және инвестициялық шешімдер қабылдау шеңберінде экологиялық, әлеуметтік факторларды және әділ корпоративтік басқару факторларын бағалауды қамтитын жауапты инвестиция тәжірибесі дамытылатын болады.

Сессия барысында қатысушылар өңірлік интеграция мен Орталық АзиядаҚазақстан жетекші рөл атқаратынТДМ-ді енгізу әлеуетіне назар аударды.

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) –бұл әділ және бейбітшілікке жан-жақты қол жеткізу үшін әрекет етудің әмбебап шақыруы.ТДМ үкіметтерді, жеке секторды және азаматтық қоғамдықазіргі және болашақ ұрпақтың ортақ игілігі үшін тұрақты экономикалық өсуді, әлеуметтік дамуды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандыру үшін бірге жұмыс істеуге шақырады.

ТДМ-ді 2015 жылы әлемдік көшбасшылар қабылдаған. 17 мақсатқа кедейлікті жою, білім алу мен денсаулық сақтауды ілгерілету, әйелдердің құқықтарын насихаттау және қоршаған ортаны қорғаудан бастап тиімді мемлекеттік басқаруға дейінгі көптеген мәселелер кіреді.Мұндағы идея, біздер жақсы өмірсүру және одан пайда алу процесінде алға жылжу кезінде басқа ешкімнің артта қалып қоймауы.

Бизнес және тұрақты даму жөніндегі комиссия жариялаған баяндамаға сәйкесТДМ-ге қол жеткізілсе, 12 триллион долларға жуық нарықтық мүмкіндіктер құрылады және 2030 жылға қарай жаһандық деңгейде «нақты экономиканың» 60%-на тең азық-түлік және ауыл шаруашылығы, қалалар, энергетика және материалдар, денсаулық пен әл-ауқат сияқтытөрт экономикалық жүйеде 380 миллион жаңа жұмыс орны ашылады.