«Бәйтерек» холдингі қызметтердің цифрлық витринасы - «Digital Baiterek» ақпараттық жүйесін іске қосты. Жүйеге холдингтің ресми сайтынан кіруге болады www.baiterek.gov.kz, www.mybaiterek.kz, www.digital.baiterek.gov.kz.

Қазіргі уақытта «Digital Baiterek» жүйесінде холдинг пен оның алты еншісһлес мекемесінің 19 қызметі автоматтандырылған. Негізінен, «Бәйтерек девелопмент» АҚ желісі бойынша кәсіпкер үйнінен немесе кеңсесінен шықпай-ақ, тұрғын үй құрылысы жобаларын қаржыландыруға өтніш жолдап, орындалған жұмыстар актілері бойынша төлем үшін құжаттарды жолдай алады, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ желісі бойынша – экспорттаушы несиесін сақтандыруға, қаржылық лизингті сақтандыруға құжаттар жолдай алады, «БРК-Лизинг» АҚ желісі бойынша – лизингтік қаржыландыру аясында бизнес-ұсыныстарды алдын ала қарастыру, «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ желісі бойынша – кепілдік ұсыну туралы келісімшарт жасау үшін тұрғын үй құрылысы жобасы бойынша құжаттар жолдай алады, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС желісі бойынша – инвестициялауға жоба немесе инвестициялауға қатысу үшін өтініш жолдай алады. Ғылыми кәсіпорындар, ғалымдар және инноваторлар салаларды технологиялық дамытуға, технологияларды коммерцияландыруға және әрекет етуші кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар ұсыну үшін «НАТР» АҚ-ға онлайн тәртіпте өтініш жолдай алады.

«Бәйтерек» холдингі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кешенді жұмыс жүргізеді. Өткен жылдың соңында холдингті цифрландырудың 2018-2023 жылдарға арналған өзекті стратегиясы бекітілді. Стратегия аясында «бір терезе» қағидасы бойынша барлық деңгейде кәсіпкерлерді кешенді қолдауды қалыптастыру үшін барлық еншілес мекемелер қызметтерінің біртұтастығын қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде біздің еншілес мекемеміз, Қазақстан даму банкімен өндірістік қуаттылықтарында 4.0. Индустриясы технологияларының элементтерін сатылай енгізу жүзеге асырылатын 10 кәсіпорынның жобалары қаржыландырылды», - деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов.

«DigitalBaiterek» Электронды үкіметпен және Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау жөніндегі бірыңғай цифрлық платформамен ықпалдастырылатын болады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 2017 жылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында Ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.