2018 жылдың 1 маусымынан бастап «Бәйтерек» холдингінің еншілес мекемесі – «Бәйтерек девелопмент» АҚ Астана қаласындағы ЭКСПО аумағында орналасқан тұрғын үйді сатуды бастайды. Пәтерлер мен паркингтер нарық талаптарында сатылымға шығарылады.

«2016 жылы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмсесін өткізу кезінде шетелдік делегация қатысушыларының тұруы үшін Астана қаласында 42 тұрғын үй салынды. Жылжымайтын мүлік нысанының құрылысы Ұлттық қор қаражаты және жобалық компаниялардың инвестициялары есебінен жүзеге асырылды. Тұрғын үй құрылысы үшін мемлекеттен бқлінген қаражатты қайтару жылжымайтын мүлікті нарықта сату арқылы қамтамасыз етіледі», - деп хабарлады «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А.Өсербаев.

Кез-келген азамат өз қаражаты есебінен немесе екінші деңгейлі банктерден ипотекалық қарыз немес «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның тұрғын үй қарыздарын тарту арқылы ЭКСПО орамынан машинаға арналған орны бар пәтірді сатып ала алады.

А.Өсербаев атап өткендей, ЭКСПО тұрғын үй нысандарын сатудағы әділеттілікті қамтамасыз ету үшін жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған өтініштерді Digital Baiterek онлайн-платформасы арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда бұл платформа әзірлеу және тестілеу сатысында тұр.

Тұрғын үй қолайлылықтың ІІ тобына сәйкес келеді және әдемі әрлеумен сатылады. Бір бөлмелі пәтерлердің аумағы 41,3-50,7 ш.м., екі бөлеміл пәтерлер – 60,8-75,6 ш.м., төрт бөлмелі пәтерлер – 85,3-104,9 ш.м., төрт бөлмелі пәтерлер – 108,4-123,7 ш.м. аралығында болады.

Алдағы уақытта жылжымайтын мүлік нысандарын сату құны тәуелсіз консалтингтік компанияны тартумен белгіленеді.

Анықтама үшін: 2014 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта «Бәйтерек девелопмент» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық көрме аумағындағы тұрғын үй және сауда-ойын-сауық орталықтарының құрылысын қаржыландырды. Көлемі 110,7 мың ш.м. құрайтын тұрғын үй орамы «Жылжымайтын мүлік люксі Group» және «BI Group» компанияларымен әріптестікте салынды.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ –«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу бойынша бірыңғай қаржылық оператор. Компания Қазақстан бойынша кредиттік және жалдамалы тұрғын үй құрылысын қаржыландырады.