«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) «KSP Steel» ЖШС-не өнімдерін Ресей Федерациясына экспорттауға қолдау көрсетті.

«KSP Steel» мұнай-газ саласына арналған жапсарсыз болат құбырлар шығаратын алғашқы қазақстандық кәсіпорын. Ішкі нарықты қамтамасыз ете отырып, компания өз өнімдерін таяу және алыс шетелге, оның ішінде АҚШ, Ресейге, Өзбекстан мен Белоруссияға экспорттайды.

Отандық кәсіпорынға «KazakhExport» ұлттық компаниясы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-мен бірлесе отырып экспорттық сауданы қаржыландыру схемасы бойынша 450 млн. ресей рублі көлемінде қолдау көрсетті.

Экспорттық сауданы қаржыландыру – «KazakhExport» ұлттық компаниясының шетелдік сатып алушылар тарапынан қазақстандық өнімдерге сұранысты ынталандыру құралы. Бұл құрал қазақстандық банктер арқылы қазақстандық тауарларды сатып алу үшін шетелдік компанияларға ұсынылады.

Анықтама: 

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы – экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің экспортының өсуіне қолдау көрсету және қазақстандық кәсіпорындарға қаржы-сақтандыру және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастыру.

«Альфа-Банк»  ЕБ АҚ – ресейлік «Альфа-Банк» АҚ банкінің еншілес банкі және Ресейде, Украинада, Беларусьта және Нидерландыда өкілдігі бар ABH Holdings S.A. құрамына кіреді. Альфа-Банк –  мінсіз іскерлік беделі бар және 1994 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстандағы алғашқы ресейлік банк.

«KSP Steel» ЖШС – мұнай-газ саласына арналған жапсарсыз болат құбырлар шығаратын алғашқы қазақстандық кәсіпорын. «KSP Steel» зауыты 2007 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен ресми түрде ашылды, компанияның өндірістік орталығы Павлодар қаласында орналасқан. 4500-ден астам мамандар еңбек етіп жатқан кәсіпорынның өндірістік нысандарының жалпы көлемі шамамен 168 га.