Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

  • Телефон: 300, 8-800-080-18-80
  • E-mail: mail@hcsbk.kz
  • Web: www.hcsbk.kz
Миссиясы

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ миссиясы Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне елдің қалың топтарының тең қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін сапалы банк қызметтерін ұсыну болып табылады.

Тарихы

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі Қазақстандағы халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды несиелеудің сапалы жаңа жүйесі болып табылады. Қазақстан – бірінші кезекте табысы орташа және орташадан төмен халық үшін арналған аталған жүйенің қағидалары мен шарттарын жүзеге асыру басталған ТМД аумағындағы алғашқы ел.

2000 жыл

  • Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін енгізуге 2000 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бастама болды;

2003 жыл

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 364 Қаулысы негізінде тұрғын үй құрылысын ұзақмерзімді қаржыландырудың тиімділігін жетілдіру және арттыру мақсатында тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін дамыту мақсатында мемлекеттің жарғылық капиталға 100% қатысуымен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ құрылды;

2004 жыл

  • 2004 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабылетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» Жолдауында тұрғын үй құрылысы саласындағы мемлекеттің жаңа саясаты мазмұндалған, соған сәйкес елдің қалың топтарына тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу үшін Президент 2004 жылғы 11 маусымда «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 1388 Жарлық шығарды;

  • 2004 жылғы 28 маусымдағы ҚР Үкіметінің № 715 Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспары бекітілді;

  • Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-III Заңымен Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізілді, соларға сәйкес салық салынатын кірістен шегерістерге «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы жеке тұлғамен - Қазақстан Республикасы резиденттерімен Қазақстан Республикасы аумағында жөндеуге, құрылысқа немесе тұрғын үй алуға алынған тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге бағытталған сомалар жатқызыған;

  • Өңірлік құрылымды дамыту: 3 филиал, 4 өкілдік, 1 есептік-кассалық қызмет көрсету.

2005 жыл

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тарифтік бағдарламалары бойынша алғашқы аралық тұрғын үй заемын беру;

  • Сәуір айында тұрғын үй құрылыс жинақ сомасына ынталандырылатын мемлекет сыйлықақысы 60-тен 200 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ туралы» Заңына өзгеріс енгізу;

  • «25/75 (мемлекеттік)», «25/75», «50/50 А», «50/50Б», «50/50 В» жаңа тарифтік бағдарламаларын енгізу;

  • 2005-2007 жылға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысы дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ алғашқы заем беруі;

  • Қазан айында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Экспонедвижимость» көрмесінде «Жылжымайтын мүлік нарығындағы жаңашыл идеяларды ілгерілеткені үшін» номинациясы бойынша марапатталды.

  • «Қазақстан Халық банкі» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім жасау;

  • Өңірлік құрылымдарды дамыту: 11 филиал, 2 есептік-кассалық қызмет көрсету.

2006 жыл

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ алғашқы рет «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметінің шығынсыз көрсеткішіне жетті;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «Қазпошта» АҚ арасында қосымша Агенттік келісімге қол қойылды. Осы Келісім аясында «Қазпошта» АҚ пошта байланысының облыстық және аудандық торабында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ атынан шарт жасау бойынша агенттік қызмет көрсетеді;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Жеңіл» атты кредит берудің жаңа бағдарламасын енгізді;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ клиенттеріне тарифтік бағдарламалар бойынша бірінші мәрте негізгі тұрғын үй заемын берді;

  • Өңірлік құрылымдардың дамуы: 15 филиал. 

2007 жыл

  • 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысы дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында бірінші тұрғын үй заемы берілді;

  • Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға қаржы агенті мәртебесін берді. Бұл «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыруға қатысуға құқық береді;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қазақстандық банктердің ішінен бірінші болып ISO9001:2000 сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификатын алды; 

  • Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушыларға алдын ала заем алу мүмкіндігі берілді;

  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» атты жаңа тарифтік бағдарламалар енгізілді;

  • «Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-мен Бас келісім қайта жасалды;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының операторларының бірі болды;

  • «Цесна Банк» АҚ-мен агенттік қызмет көрсету туралы шарт жасалды;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ алдын ала тұрғын үй заемы атты жаңа қызмет көрсетуді енгізді;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нің тарифтік бағдарламалары бойынша бірінші рет алдын ала тұрғын үй заемы берілді;

  • Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Ваa2» ұлттық валютадағы депозит бойынша ұзақ мерзімді рейтингін, «Рrime-2» ұлттық валютадағы депозит бойынша қысқа мерзімді рейтингін, «Е+» банктің қаржылық тұрақтылық рейтингін  (BFSR) берді. Барлық рейтинг бойынша болжам – «тұрақты»;

  • Өңірлік құрылымдардың дамуы: 16 филиал. 

2008 жыл

  • 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында алғашқы заем берілді;

  • Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ рейтингтерін растады;

  • Өңірлік құрылымдардың дамуы: 17 филиал.

2009 жыл

  • 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы Көш» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастады;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ клиенттерінің заемдарын қайта құрылымдау бағдарламасы іске қосылды;

  • Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Baa3/P-3 деңгейінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ рейтингін растады;

  • 20 тамыздан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жалғыз акционері болып табылды;

  • «Русский Регистр» сертификаттау жөніндегі қауымдастық әрекет пен дамуда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы Сапа менеджменті жүйесін қолдау ISO 9001:2008 стандартына сәйкес екенін растады;

  • Өңірлік құрылымдардың дамуы: 19 филиал.

2010 жыл

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын (2008-2010 МБ) жүзеге асыруға қатысты;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы Көш» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2010-2014 жылдарға арналған ҚР құрылыс индустриясын дамыту және құрылыс материалдарын өндіру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй құрылысы және өткізу бойынша жекеменшік құрылысшылармен ынтымақтастық жасай бастады;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2008-2010 МБ жүзеге асыру аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен кредиттік шартқа қол қойды

  • Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкестігі расталды;

  • Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Ba1/ Notprime деңгейінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ рейтингін бекітті;

  • Мемлекет басшысының 29.01.2010 жылы «Қазақстанның Жаңа онжылдығы – жаңа экономикалық өрлеуі – Жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру аясында жергілікті атқару органдарымен ниеттестік туралы  келісімдерге қол қоя бастады;

  • Алматы қаласында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Қызмет көрсету орталықтары ашылды;

  • ТҚЖ қатысушыларының саны 200 мың адамға жетті;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ заемшыларына берілген заемдарды қайта құрылымдау шаралары бағдарламасының қолдану мерзімі ұзартылды;

  • 2010-2014 жылдарға арналған ҚР құрылыс индустриясын дамыту және құрылыс материалдарын өндіру бағдарламасын жүзеге асыру аясында жергілікті атқару органдарымен және Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ активтері 100 млрд. теңгеге жетті;

  • Өңірлік құрылымдардың дамуы: Қазақстан бойынша 18 филиал және Алматы қаласында 3 қызмет көрсету орталығы.

2011 жыл

  • ҚР Үкіметінің 30.03. 2011жылғы  №295 қаулысын орындау үшін, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беріледі;

  • 13.04.2011жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады;

  • ҚР Президентінің 2011 жылдың 10 тамызындағы №136 Жарлығын орындау үшін. ҚР Үкіметінің 2011 жылдың 23 қазанындағы №1224 қаулысына сәйкес, заңнамада бекітілген тәртіпте, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы берілді;

  • 2011 жылдың 23 қазанынан бастап ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жалғыз акционері болды.

2012 жыл

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты;

  • Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Ba1/ Notprimeдеңгейінде ұлттық валютада ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ рейтингін растады;

  • Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкестігі расталды;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның негізгі көрсеткіштері бойынша «Эрнст энд Янг» компаниясы «банк қызметкерлерінің күшімен енгізілген жүйе жұмысы жоғары деңгейде» деп бағалады;

  • Сарапшы РА «2011 жылдың ең жақсы жылдық есептері»  байқауында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Қаржы саласындағы ең жақсы жылдық есеп» номинациясында Номинант дипломы тапсырылды;

  • Алдын ала және аралық тұрғын үй заемдары, соның ішінде 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылған республикалық бюджет қаржысы есебінен, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде берілетін заемдар бойынша комиссия көлемдері мен сыйақы мөлшерлемелері төмендетілді;

  • Ақтөбе, Өскемен, Астана, Қарағанды, Екібастұз қалаларында 5 клиенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды; 

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның аумақтық бөлімшелерінің үй-жайларында алғашқы 35 төлем терминалы пайдалануға енгізілді;

  • 2013 жылғы 28 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігіне «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы берілді.

2013 жыл

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты;

  • Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі депозиттер бойынша Ba1/ Notprime деңгейінде ұлттық валютада ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ рейтингін растады;

  • Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкестігі расталды;

  • 7 клиенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды (Астана қаласында 2 қызмет көрсету орталығы, Өскемен қаласында 2 қызмет көрсету орталығы, Шымкент, Жаңаөзен, Теміртау қ.);

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ аумақтық бөлімшелерінің үй-жайларында және сауда үйлерінде 19 төлем терминалы пайдалануға енгізілді;

  • Жеке Байланыс орталығы пайдалануға берілді.

  • 2013 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі дейін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі».

2014 жыл

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты;

  • 179 мың жаңа қатысушыларды тарту;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық аппаратының және филиалдарының қызметтеріне уәкілетті органдармен 10 сыртқы тексеріс өткізуі (ҚР ҰБ, Салық комитеті, «Жамбыл облысы Әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» КММ, «Тараз қаласы бойынша салық басқармасы» ММ, Прокуратура органдары, «ҚДКҚ» АҚ және т.б.)

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметін ҚР ҰБ № 29 Ережелеріне сәйкес келтіруі;

  • Директорлар кеңесі құрамының өзгерді;

  • ТҚЖ және клиенттерге есептік-кассалық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасау бойынша 1 клиенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды;

  • «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын қалыптастыру рәсімдерін жеңілдету, комиссияларды қолдану, халықты несиелендіру мәселелер бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның ішкі құжаттарына өзгерістер енгізуі;

  • 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бірқатар комиссиялар алып тасталды (тұрғы үй құрылыс жинақтары туралы келісімшартқа қосымша келісімдер жасауға комиссия, жинақтар кестесінен тыс салынған сомаларды беруге комиссия және т.б.);

  • ВРМ жүйесін енгізу арқылы несие өтінімін қабылдау үдерісін автоматтандыру арқылы 3 күнге дейін несие өтінімін қарау мерзімдерін қысқарту;

  • «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша комиссия төмендетілді және төлем қабілеттілігін бағалау рәсімі жеңілдетілді (комиссия 10 мың теңгеден 0 дейін төмендетілді);

  • Келісім сомасы мөлшерінің 1,4 триллион теңгеден астамға жету;

  • Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкестігі расталды;

  • Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді депозиттік рейтингі Baa3 дейін, банктің қаржылай тұрақтылығы (BFSR) рейтингі – D- дейін, қысқа мерзімді рейтингі – Prime-3 дейін жоғарылатылды. Болжам: тұрақты;

  • Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «BBB+» деңгейінде ұлттық валютадағы эмитент дэфолтының ұзақ мерзімді рейтингін тағайындауы, болжам – тұрақты;

  • Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясы мүшелігіне енуі;

  • Халықаралық тұрғын үй қаржыландыру одағы мүшелігіне енуі.

2015 жыл

  • «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуы;

  • ТҚЖ жүйесінің жаңа 225 мың қатысушыларын қатыстыруы;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық аппаратының және филиалдарының қызметтеріне уәкілетті органдармен 9 сыртқы тексеріс  өткізуі (ҚР ҰБ, Салық комитеті, Қызылорда облысы бойынша еңбек саласындағы Бақылау басқармасы ММ, ҚР ҚМ ҚБК Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясы (Прокуратура органдары және т.б.);

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сыртқы сайтындағы ақпараттарды  ҚР 16.11.2015 жылы №401–V «Ақпараттарға рұқсат» Заңына сәйкес ашықтық және қолжетімділік талаптарына сәйкес келтіруі;

  • 2015 жылғы 28 шілдедегі Банк пен Баушпаркассе Швебишь Халль құрылыс жинақ кассасы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға және құпия ақпараттарды жарияламау туралы Келісімге қол қоюы;

  • «Kaspi Bank» АҚ-мен kaspi.kz интернет-ресурсында төлемдерді қабылдау бойынша қызмет көрсету туралы Шарт жасалды;

  • 1 мыңнан 0 теңгеге дейін жинақ, несие шотының жағдайы туралы анықтамаларды, несие қарызының болуы/болмауы және басқа да анықтамаларды беру үшін комиссия көлемі төмендетілді;

  • «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру рәсімдерін оңайлату, комиссияларды қолдану қалыпқа кіретін кейбір мәселелер бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ішкі құжаттарға өзгеріс енгізуі;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төлем терминалдарына клиенттің ЖСН енгізу арқылы салым/ай сайынғы төлемдер енгізу қызметі іске асырылды;

  • Клиенттердің «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның веб-сайтында кезекті электронды брондау мүмкіндігі іске асырылды;

  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ веб-сайтындағы жеке кабинетіндегі қолданушылар үшін жаңа «кез-келген Банктің картасымен депозит толтыру, кредит өтеу» қызметі қолжетімді. Төлемдер комиссиясыз нақты уақыт режимінде клиенттердің шотына түседі;

  • «Pay Point»  ЖСС  «Эксимбанк» АҚ-мен Pay Point  электронды ақша жүйесінде өзара іс-қимыл туралы шарт жасалды. Оның аясында «Pay Point»  ЖСС 450 терминалы мен 50 кассалық желілері арқылы   Банктің есебінен төлемдер қабылданатын болады. Клиенттер үшін төлем қабылдау тегін болады. Өйткені, «Эксимбанк» АҚ комиссиясы Банк қаражаты есебінен төленеді;

  • 1,9 трилиион теңгеден аса шарттық сомаға жету.

  • Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкестігінің расталуы.

Қызметтің негізгі түрлері
  • Тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар қабылдау, салымшылардың шоттарын жүргізу;

  • Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар өткізуге салымшыларға тұрғын үй, алдын ала және аралық тұрғын үй займдарын ұсыну.

2023 жылға дейінгі стратегиялық мақсаттар

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2014-2023 жылдарға арналған Ұзақмерзімді стратегиясына сәйкес 2023 жылдың соңына қарай «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ дамуының негізгі стратегиялық мақсаты экономикалық белсенді халыққа ТҚЖ жүйесінің қатысушыларының үлесін 17% дейін арттыру арқылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бәсекеге қабілеттілігін арттыру және кем дегенде 6% деңгейде жеке капиталдың рентабельділігі көрсеткішін арттыру және қолдау болып табылады.

Ағымдағы жобалар

Жобалар

1

«Өз үйім» жеке дағдарысқа қарсы тұрғын үй бағдарламасы

2

Өңірлік тұрғын үй бағдарламалары


Мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы

«Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасы.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Басшылық құрылымы

ТАӘ

Қызметі

1

Ибрагимова Ләззат Еркенқызы

Басқарма Төрағасы

2

Медеуова Айжан Тұрақбайқызы

Басқарма Төрағасының Орынбасары

3

Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы

Басқарма Төрағасының Орынбасары

4

Алтынсақа Нұржами Қалықбайқызы

Басқарма Төрағасының Орынбасары

5

Әлімова Құралай Нұрдәулетқызы

Басқарма Төрағасының Орынбасары

6

Еңкебаев Досым Көбейұлы

Басқарма Төрағасының Орынбасары


Байланыс

Орталық аппараттың мекен-жайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 91

Телефон: 8 (727) 279-35-11, 300, 8-800-080-18-80

E-mail: mail@hcsbk.kz («Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-де банк қызметтерін ұсынумен байланысты емес мәселелер бойынша, сондай-ақ заңды тұлғалардың жүгінуі үшін)

http://www.hcsbk.kz/feedback/ («Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-де банк қызметтерін ұсыну мәселелері бойынша жеке тұлғалардың жүгінуі үшін: сұрақтар, шағымдар, ұсыныстар)

Жұмыс уақыты: 9:00 бастап 18:30 дейін

Сайтқа сілтеме: http://www.hcsbk.kz/