Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

«Қазақстанның даму банкі» АҚ

  • Телефон: 8 (7172) 79-26-00
  • E-mail: pressa@kdb.kz
  • Web: www.kdb.kz
Миссиясы

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ миссиясы елдің шикізаттық емес секторына инвестицияларды жүзеге асыру арқылы ұлттық экономиканың тұрақты дамуына үлес қосу болып табылады.

Қызметінің негізгі түрлері

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызметінің басымдықты бағыттары әлеуметтік-экономикалық әсерге ие және құруға және/немесе дамуға бағдарланған инвестициялық жобаларды қаржыландыру болып табылады:

1) энергетика, байланыс, көлік салаларындағы инфрақұрылым нысандарын, сондай-ақ көлік сатып алуды;

2) шикізатты өндіруді және/немесе сатып алуды, тасымалдауды, оны өңдеуді және өнімді инвестициялық жоба аясында өткізуді қоса алғанда ауыл шаруашылығы өндірістерін;

3) шикізатты шығаруды, өндіруді және/немесе сатып алуды, тасымалдауды, оны өңдеуді және дайын өнімді келесі салалардағы инвестициялық жоба, экспорттық операция, лизингтік мәміле аясында өткізуді қоса алғанда өнеркәсіп өндірістерін:

● металлургиялық өнеркәсіп және металл бұйымдарын өндіру;

● машинажасау;

● инвестициялық жоба аясында алынған/шығарылған материалдарды одан әрі өңдеу жағдайындағы тау-кен игеру өнеркәсібі;

● лизингтік мәміле;

● химия және мұнайхимия өнеркәсібі;

● негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі;

● резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі;

● металл емес минералды өнім өндірісі.

4) қызмет көрсету саласындағы нысандарды: туристік, экологиялық, медициналық, оқу, спорттық-сауықтыру және қонақ үй;

5) шетелде жүзеге асырылатын және инфрақұрылымды, Қазақстан Республикасының трензиттік әлеуетін дамытуға, қазақстандық тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді және капиталды экспорттауға көмектесетін жобаларға жағдай жасауға;

6) азық-түлік және сусындар өндірісі саласындағы нысандарды.

2023 жылға дейінгі стратегиялық мақсаттар

Несиелендіру «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басты қызметі болып табылады. Аталған бағыт бойынша стратегиялық мақсат жоспарланған кезеңде өңдеу өнеркәсіптерін және өнеркәсіп инфрақұрылымын дамытуға кемінде 3,4 триллион теңге салу.

Стратегиялық міндерттерді орындаудың тиімділігін мониторингілеу келесі ПӘК орнату арқылы жүзеге асырылады:

  • қаржыландырылған жобалар мен инвестициялық бағдарламалар көлемін 2014 жылғы 1351 миллиард теңгеден 2023 жылғы 4384 миллиард теңгеге дейін арттыру;

  • жобаларды дамыту әсері индексінің көрсеткішін 2014 жылғы 62-ден 2023 жылғы 70-ке дейін арттыру;

  • несие қоржынын 2014 жылғы 732 миллиард теңгеден 2023 жылғы 2565 миллиард теңгеге дейін ұлғайту;

  • «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жалпы активтерінен несие қоржыны үлесін 2014 жылғы 52%-дан 2023 жылғы 75% дейін ұлғайту;

  • қарыз қоржынына привизиялардың төмен деңгейін сақтау – 2023 жылы ең көбі 8%.

Ағымдағы жобалар және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу

Жобалар

Орналасқан жері

Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу

1

«Өзен - Жетібай» учаскесіндегі «Өзен - Ақтау» магистральды газ құбырының резервтік тармағын салу

Маңғыстау өңірі


2

Қуаты 19 мың паллеторындық «А» класты көліктік-логистикалық орталық қызметтерін ұсыну

Алматы өңірі


3

Қуаты 250 мың тонна бастапқы алюминий өндіретін зауыт құрылысы


Павлодар өңірі

ҮИИДМБ

4

Шығыс Қазақстан облысында өндіріс қуаты құрғақ әдіспен жылына 1 миллион тонна цемент болатын цемент зауыты құрылысы

Шығыс Қазақстан облысы

ҮИИДМБ

5

Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту – мол мен толқын тосқы құрылысы – 1 кезең

Маңғыстау өңірі


6

Ауыл шаруашылығы техникасын өткізу және қызмет көрсету бойынша сервис орталықтарын кеңейту және жаңғырту

Өңіраралық

ҮИИДМБ

7

Қуаты 300 МВт Мойнақ ГЭС құрылысы – құрылыстың 3 кезеңі


Алматы облысы

ҮИИДМБ

8

Жылына мембраналық әдіспен 30 мың тонна күйдіргіш сода, 26,5 мың тонна хлор, 45 мың тонна тұз қышқылын өндіруді ұйымдастыру, сондай-ақ қолданыстағы химия өнімі өндірісін қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру


Павлодар

облысы

ҮИИДМБ

9

Қуаты 87,03 МВт газ турбиналы электр станциясының құрылысы

Қызылорда облысы

ҮИИДМБ

10

Хош иісті көмірсутектер өндірісі бойынша кешен құру

Атырау өңірі

ҮИИДМБ

11

2018 жылы жылына 21,2 мың ұшақ және 1,2 миллион жолаушы өткізуге қаблетті әуе кемелеріне және жолаушыларға жерүсті қызметін көрсету бойынша қызмет ұсыну мақсатында халықаралық стандарттарға сәйкес ұшу-қону жолағын жөндеу және жаңғырту

Ақтау қаласы

ҮИИДМБ

12

Қарағанды ЖЭЦ-3 кеңейту

Қарағанды өңірі

ҮИИДМБ

13

Туристік-қонақ үй кешені құрылысы

Ақмола облысы

ҮИИДМБ

14

Мұнайды терең өңдеу кешені құрылысы

Атырау өңірі

ҮИИДМБ, ИИДМБ -2

15

Бастапқы магистральды көлік байланыс желісінің құрылысы

Өңіраралық


16

Тараз қаласының газ тарату желісін жаңғырту

Жамбыл өңірі


17

Жылына жобалық қуаты 430 мың тонна болатын рельсарқалық зауытының құрылысы

Ақтөбе қаласы

ҮИИДМБ, ИИДМБ -2

18

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ өндірісін кеңейту және жаңғырту

Шығыс Қазақстан облысы

ҮИИДМБ

19

Газ тарату жүйесін жаңғырту

Оңтүстік Қазақстан

облысы


20

Аппараттық-бағдарламалық кешен, теміржол желілері бойындағы байланыс платформасы құрылысы

Өңіраралық


21

Toyota Fortuner лицензиялық автомобильдерін аз торапты құрастыру үшін машина жиынтығын алуды қоса алғанда, автомобиль өндірісін кеңейтуді қаржыландыру

Қостанай өңірі

ҮИИДМБ

22

Glencore International AG компаниясымен жасалған «Қазмырыш» ЖШС 22.11.2013 жылғы № 50-16/2013-99 мырыш өндіруге Келісім бойынша өнімді (мырыш) әзірлеу және оны экспорттау мақсатында шикізат пен материалдар алуға, оларды өңдеуге шығындарды қаржыландыру

Шығыс Қазақстан облысы




«Нұрлы жол»

23

Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы жоғары көміртекті феррохром өндірісін кеңейту

Ақтөбе өңірі

ҮИИДМБ, ИИДМБ -2

24

Өндіріс кешенінің құрылысын аяқтау, мақта-талшықты сатып алу, «Textiles.kz» компаниялар тобын сауықтыру бойынша «CapitalLogistics» ЖШС іс-шараларын жүзеге асыру аясында «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ алдындағы қарызын қайта қаржыландыру

Оңтүстік Қазақстан облысы


25

Қазақстан Республикасы аумағында LTE / GSM / UMTS желілерін енгізу

Өңіраралық

ИИДМБ -2

26

Титан слябтары мен құймаларын өндіретін зауыт құрылысы

Шығыс Қазақстан облысы


ҮИИДМБ

27

Павлодар МӨЗ жаңғырту

Павлодар өңірі

ИИДМБ -2

28

Қуаты 15000 тонна натрий цианидін өндіретін зауыт құрылысы

Қаратау қаласы

ҮИИДМБ, ИИДМБ -2

29

К5 экокласты мотор отыны өндірісі

Батыс Қазақстан облысы

ИИДМБ -2

30

Қуаты жылына 197100 тонна табақ шыны өндіретін және өңдейтін зауыт құрылысы

Қызылорда өңірі

ИИДМБ -2

31

Теміржол дөңгелектерін өндіретін кешен құру

Павлодар өңірі

ҮИИДМБ, ИИДМБ -2

32

«Аллюр Компаниялар Тобы» АҚ автомобиль бағытының қаржы-экономикалық жағдайын сауықтыру және тұрақтандыру

Қостанай өңірі


33

Экспортқа дайын болат өнімін әзірлеу мақсатында шикізат пен материалдар сатып алу, оларды өңдеу

Қарағанды өңірі

«Нұрлы жол»

34

Отандық өндірістің жолаушылар вагондарын сатып алу

Астана қаласы


35

Шикізат пен материалдар алуға, өткізуге келісімдер бойынша келесі сатумен титан губкасын, титан қорытпаларын дайындау мақсатында оларды келесі қайта өңдеуге шығындарды қаржыландыру

Шығыс Қазақстан облысы


«Нұрлы жол»

36

Экспорттық операция (RGB экспорталды қаржыландыру)

Алматы өңірі

«Нұрлы жол»

37

Экспорттық операция («Баян-Сұлу» АҚ экспорталды қаржыландыру )

Қостанай өңірі

«Нұрлы жол»

38

Шикізат сатып алуды және экспорталды қаржыландырумен байланысты өзге де шығындарды қаржыландыру

Жамбыл өңірі

«Нұрлы жол»

39

Бес елдімекенді газдандыру

Қызылорда өңірі

ИИДМБ -2

40

Дайын өнімді шығару бойынша жобалық қуатын арттырумен минералды тыңайтқыштарды өндіретін зауытты жаңғырту

Маңғыстау өңірі

ҮИИДМБ, ИИДМБ -2

41

«Масло-Дел» ЖШС экспорталды операциясын қаржыландыру

Алматы қаласы

«Нұрлы жол»

42

«Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ экспорттық әлеуетін арттыру

Оңтүстік Қазақстан облысы

«Нұрлы жол»

43

Шикізат алуды және экспорталды операциямен байланысты

өзге де шығындарды қаржыландыру

Павлодар өңірі

«Нұрлы жол»

44

Көлік-логистикалық орталық құрылысы

Шымкент қаласы

ИИДМБ -2

45

Туристік инфрақұрылым нысаны - ЭКСПО-2017 аумағында «MEGA Silk Way» Сауда-ойын-сауық орталығының құрылысы

Астана қаласы


46

«ҚазАзот» ЖШС экспорталды қаржыландыру

Маңғыстау өңірі

«Нұрлы жол»

47

«Talas Investment Company» ЖШС экспорталды қаржыландыру

Жамбыл өңірі

«Нұрлы жол»

48

Ақтоғай тау-кен байыту кешенінің құрылысы

Шығыс Қазақстан облысы



49

«Майлау материалы экспорты» экспорттық операциясы аясында шикізат (базалық майлар мен химия қоспалары) сатып алуды экспорталды қаржыландыру

Оңтүстік Қазақстан облысы

«Нұрлы жол»


Басшылық құрылымы

ТАӘ

Қызметі

Жетекшілік ететін мәселелер

Байланыс мәліметтері

1

Жәмішев Болат Бидахметұлы

Басқарма Төрағасы


8 (7172) 79-26-88

2

Әубәкіров Думан Бауыржанұлы

Басқарма Төрағасының Орынбасары

Әлеуетті қарызгерлерді іздеу және тарту, несие саясатын жүзеге асыру мәселелерін ұйымдастыру және үйлестіру, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қарыз қоржынын басқару

8 (7172) 79-26-97

3

Бабичев Дмитрий Юрьевич

Басқарма Төрағасының Орынбасары


Халықаралық инвестициялық банктермен, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ инвесторларымен, кредиторларымен жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру, бюджеттік жоспарлау және есептік саясат, операциялық қызмет, қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастарды орнату, стратегия және корпоративтік даму, автоматтандыру мен бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызметіне басшылық ету және бақылау.

8 (7172) 79-26-30

4

Ким Вадим Викторович

Басқарма Төрағасының Орынбасары


Несиелік, нарықтық және операциялық тәуекелдерді басқару және бағалау бойынша «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, несиелік құқықтық қолдау, әкімшілік ету, техникалық талдау, жобаларға мониторинг жасау, сондай-ақ әдіснама мен үлгілеу мәселелері бойынша «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызметін басқару мен бақылауды жүзеге асыру.

8 (7172) 79-26-67 (қабылдау бөлімі)

5

Әміртаев Асқар Сапарұлы

Басқарушы директор – Басқарма мүшесі

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызметіне құқықтық қолдау көрсету, құқықтық сараптау және жобаларды сүйемелдеу, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мемлекеттік органдармен жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ кінарат-талаптық жұмысын, сонымен қатар стресті активтерімен жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру; комплаенс тәуекелдерді басқару мәселелеріне құқықтық қолдау көрсету


8 (7172) 79-26-58


Байланыс мәліметтері

Мекен-жайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10, «Қазына Тауэр» ғимараты

Телефон: 8 (7172) 79-26-79 (кеңсе)

8 (7172) 79-26-08 (қоғаммен байланыс қызметі)

E-mail: info@kdb.kz – кеңсе

pressa@kdb.kz – қоғаммен байланыс қызметі

Жұмыс уақыты: 9:00 бастап 18:30 дейін

Сайтқа сілтеме: www.kdb.kz