Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ

  • Телефон: 8 (7172) 64-22-44, 8 (7172) 64-21-02
  • E-mail: info@hgf.kz
  • Web: www.hgf.kz
Миссиясы

«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ-ның миссиясы үлескерлік тұрғын үй құрылысын дамыту арқылы еліміздің тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылды.

Тарихы

Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры бұрын қызмет еткен «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ негізінде құрылған.

«Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ өз кезегінде 2003 жылы Қазақстан Республикасының қалың бұқара халқының тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру жолымен мемлекеттік тұрғын үй саясатын жүзеге асыру мақсатында құрылған.

Ипотекалық несиелерге кепілдік беру жүйесінің әлеуетті қатысушылары – екінші деңгейдегі банктер және әр түрлі қаржылық ұйымдар.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздары «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ кепілдік беру объектісі болып табылады.

«Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ қызметі азаматтардың тұрғын жайларын жақсартуға септігін тигізді, әсіресе бұл қымбат алдын ала салымды төлеуге мүмкіндігі жоқ, сондай-ақ үлкен емес, бірақ тұрақты табысы бар жас отбасыларын қамтыды. Ипотекалық несиелерге кепілдік берудің құрылған жүйесі Қазақстан Республикасы банк секторының негізгі ипотекалық нарық қатысушыларының барлығын дерлік біріктірді.

2013 жылдан бастап ипотекалық несиелер бойынша кепілдік міндеттемелерді беру тоқтатылды. Қазіргі уақытта ертеректе берілген кепілдік міндеттемелерге қызмет көрсету бойынша іс-шаралар ғана жүргізіліп жатыр. 

Тұрғын үйге қол жетімділікті арттырудың келесі кезеңі үлестік салымдарға кепілдік беру жолымен үлескерлердің мүдделерін қорғау болып табылады. 2016 жылдың 26 тамызындағы № 479 Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысымен «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры болып анықталды.

Қызметтің негізгі түрлері

«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ қызметінің негізгі түрі, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңына сәйкес, тұрғын үйдің (тұрғын үй ғимаратының) құрылысын аяқтау үшін кепілдік беру болып табылады.

2023 жылға дейінгі стратегиялық мақсаты
  • Тұрғын үй (тұрғын үй ғимарат) құрылысының аяқталуына кепілдік беру;

  • Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысуға кепілдік беру жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамсыз ету;

  • Кепілдік жағдайы болған жағдайда үлескерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Мемлекеттік жобаларға қатысуы

«Нұрлы жер».

Басшылық құрылымы

Аты-жөні

Лауазымы

Жетекшілік ететін мәселелер

1

Оңаев Дәурен Арманұлы 


Басқарма Төрағасы

Тәуекелдер, техникалық мониторинг, инвестициялық талдау және құқықтық блок мәселелеріне тікелей жетекшілік етеді
2 Жұматаева Айгүл Құнапияқызы

Басқарма Төрағасының орынбасары
Стратегия, кепілдік беру, PR, сондай-ақ алдындағы қызметі бойынша мәселелерге (ипотекалық несиелерге кепілдік беру) жетекшілік етеді
3 Ибраев Қанат Болатбекұлы
Басқарушы директор

Қаржы блогіне, кадрларға және әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік етеді

Байланыс

Мекен-жайы: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 8 «Б», «Зүбаржат орамы» бизнес орталығы, 19 қабат

Телефон: 8 (7172) 64-22-00

E-mail: info@hgf.kz

Жұмыс уақыты: 9:00 бастап 19:00 дейін

Сайтқа сілтеме: www.hgf.kz