Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

«Бәйтерек девелопмент» АҚ

  • Телефон: 8 (717) 72-85-55
  • E-mail: office@bdevelopment.kz
  • Web: www.baiterekdevelopment.kz
Миссиясы

«Бәйтерек девелопмент» АҚ миссиясы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ даму стратегиясын іске асыру шеңберінде инвестициялық қызметті жүзеге асыра отырып Қазақстан Республикасы экономикасының шикізаттық емес секторының тұрақты бәсекеге қабілетті дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Тарихы

«Стресстік активтер қоры» Акционерлік қоғамы «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 қарашадағы № 996 қаулысына сәйкес 2008 жылғы 19 қарашада құрылды.

2008 жылғы 10 желтоқсандағы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Стресстік активтер қоры» Акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на сенімгерлік басқаруға берді.

2012 жылғы 31 желтоқсаннан бері Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болды. 2013 жылғы 31 тамызда «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» Акционерлік қоғамы Қоғамның барлық акцияларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінен сатып алды және Қоғамның Жалғыз акционері атанды.

2014 жылдың 25 сәуірінде «Стресстік активтер қоры» АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен «Бәйтерек девелопмент» АҚ болып қайта аталды.

Қызметтің негізгі түрлері

  • Қазақстан Республикасы экономикасының шикізаттық емес секторындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру: жылжымайтын мүлік, құрылыс материалдар өндірісі және өңдеу өнеркәсібі салаларында.

  • Дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаражаттарды қайтару, және үлескерлік құрылыстың проблемалы объектілерінің құрылысын қаржыландыруды аяқтау.

2023 жылға дейінгі стратегиялық мақсаттар

«Бәйтерек девелопмент» АҚ 2023 жылға қарай экономиканы әртараптандыруды, жаңғыртуды және оның тұрақты дамуын, сондай-ақ әлеуметтік бағдарланған міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге бағытталған шикізаттық емес сектордағы жобаларды қаржыландыратын тиімді инвестициялық компанияға айналады.

Ағымдағы жобалар

Жобалар

Орналасқан жері

1

«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік және арендалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру

Қазақстан Республикасының 13 өңірі және Алматы қаласы

2

Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне арналған нысандар (тұрғын үй және «Mega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығы) құрылысын қаржыландыру

Астана қаласы

3

«Аура» бизнес орталығын салу бойынша инвестициялық жобаны қаржыландыру

Астана қаласы


Мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы

«Бәйтерек девелопмент» АҚ 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын «Несиелік және арендалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру» бағыты бойынша жүзеге асыруға қатысады.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша «Бәйтерек девелопмент» АҚ құрылысты ұйымдастыруды, тұрғын үй құрылысы нысандарын сатып алуды, оның ішінде құрылыстың барлық кезеңдерінде техникалық қадағалау жүргізуді, арендалық тұрғын үйді қабылдауды және пайдалануға беруді қамтамасыз етеді.

Басшылық құрылымы

Аты-жөні

Лауазымы

Байланыс

1

Құдайбергенов Мұрат Әнуарбекұлы

Басқарма

Төрағасы

8 (7172) 72-85-55

2

Күздібаев Алтай Шоқанұлы

Басқарма төрағасының орынбасары

8 (7172) 72-85-55

3

Ысқақ Әділбек Батырұлы

Басқарма төрағасының орынбасары

8 (7172) 53-77-67

4

Өсербаев Асқарбек Әнуарбекұлы

Басқарма төрағасының орынбасары

8 (7172) 53-77-67

5

Ілиясов Төлеубек Әубәкірұлы

Басқарма төрағасының орынбасары

8 (7172) 72-85-55


Байланыс

Мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 6, «Арман» бизнес орталығы

Телефон: 8 (7172) 76-95-60 (кеңсе)

8 (7172) 76-95-63 (баспасөз қызметі)

E-mail: office@bdevelopment.kz

Жұмыс уақыты: 9:00 бастап 18:30 дейін

Сайтқа сілтеме: baiterekdevelopment.kz