Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

«Нұрлы жол» бағдарламасы

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы


«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.

Бағдарлама  Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өрлеуін қамтамасыз ету мақсатында хаб қағидатында тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыруға, сондай-ақ сыртқы нарықта конъюктураның нашарлауы жағдайында экономиканың жекелеген секторларын қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға   бағытталған. 

Атап айтқанда, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  мемлекеттік бағдарламаның мына бағыттарының  іске асырылуына жауап береді: шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй инфрақұрылы-мын нығайту, отандық өндірушілерді  қолдау.

Экономиканың жекелеген секторларын, өңдеу өнеркәсібінің отандық экспортқа шығарушыларды қолдау жөніндегі шараларды  іске асыру және басқа іс-шаралар  өндірістің ағымдағы көлемін , қазіргі жұмыс орындарын сақтауды, сондай-ақ  сыртқы нарықта конъюктураның нашарлауы жағдайында жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді. 

Тұтас алғанда, инфрақұрылымды дамыту арқылы  мемлекеттік инвестицияларды  ұлғайту және кәсіпкерлікті қолдау арқылы Бағдарламаны іске асыру қысқа мерзімде экономикалық өсімге ықпал етіп қана қоймай, болашақта   тұрақты өрлеуге  алғышарт болады.  

 

Бағдарлама паспорты

Бағдарлама атауы

2015 - 2019 жылдарға жоспарланған Мемлекеттік инфрақұрылымды дамытуға арналған  «Нұрлы жол» атты бағдарламасы

 

Жетілдірудің

негіздемесі

2014 жылдың 11 қарашасындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық  жоспардың «Нұрлы жол - болашаққа жол» атты бағдарламасының 4-тармағы бойынша

Жетілдіруге

жауапты

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бойынша министрлігі

 

Жетілдіруге

жауапты органдар

орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

Бағдарламаның мақсаты

 

 

Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсуі үшін тиімді инфрақұрылым «хаб» принципі құру негізінде елдің макро-өңірлерін біріктіру арқылы бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыру,

сондай-ақ сыртқы нарықтардағы нашарлаған нарықтық жағдайында экономиканың жекелеген салаларын қолдау үшін дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру

Бағдарламаның міндеттері

 

 

1) тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымды «нұрлы» қағидаты бойынша құру;

2) өндірістік инфрақұрылымды және туризм инфрақұрылымын дамыту;

3) Бірыңғай энергетикалық жүйесінің энергетикалық инфрақұрылымын күшейту;

4) Тұрғын үй мен коммуналдық қызметтердің, жылумен, сумен жабдықтаужәнесудың бағыттауы инфрақұрылымдарын жаңғырту (қайта жаңарту және салу);

5) азаматтар үшін тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру;

6) білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамыту;

7) бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

8)Отандық машина жасау саласын қолдау;

9) Экспортты қолдау;

10) АӨК-тің субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

11) бизнестің Жол картасы жобаларын инфрақұрылымдық қамтамасыз ету - 2020;

12) Зертханалық базаларды дамыту арқылы өнім сапасының қауіпсіздігінқамтамасыз ету;

13) Қазақстанның аумақтарының зерттелу деңгейін ұлғайтуынболжамдық ресурстарының бағалауыменбірге  қамтамасыз ету

Іске асыру мерзімі

2015-2019 жылдары

Мақсатты көрсеткіштер

 

 

мынадай нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу:

1)  2019 жылы ЖІӨ өсуін 2014 жылмен салыстырғанда 15,7%  қамтамасыз ету;

2)  2015 - 2019 жылдарда 395.5 мың адамға жұмыс орындарын құру, оның ішінде:

тұрақты - 86,9 мың адам;

уақытша - 308,6 мың адам;

3)  2019 жылы ДЭФ рейтингісінің деңгейін негіздік инфрақұрылымның сапасын жаңарту арқылы 57 орынға дейін көтеру;

 

Қаржыландырудың деректері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жалпы шығындары төмендегідей болады:

2015 жылы - 796 млрд теңге;

2016 жылы - 379 млрд теңге;

2017 жылы - баламасы 3 млрд. АҚШ долларына дейін.

Халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен бірлесіп қаржыландыру индикативтік көлемі шамамен 8,97 млрд. АҚШ доллары болады.

Ұлттық компаниялар мен даму институттарының өз есебінен қаржыландыру 241,4 миллиард теңгені құрайтын болады, оның ішінде:

2015 жылы - 32,8 млрд. тенге;

2016 жылы - 59,2 млрд. тенге;

2017 жылы - 63,9 млрд. тенге;

2018 жылы - 50,5 млрд. тенге;

2019 жылы - 35 млрд. тенге.