Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

«Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - ұлттық чемпиондары» бағдарламасы

"Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - ұлттық чемпиондары" мемлекеттік бағдарламасы

Кіріспе

Бағдарламаның  мақсаты -  Қазақстанда экспортқа бағдарланған бәсекеге қабылетті шикізаттық емес сектордың өндірісін  өңірлік және әлемдік деңгейде компаниялар  қалыптастыру арқылы құру.

Осы бағдарлама  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5  мамырдағы  кеңейтілген мәжілісі барысында жария етілген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың   «Ұлттық чемпиондар»  бастамасын іске асыру мақсатында әзірленді. 

Бағдарламаға    қатысушылар   үшін «НҰҚ «Бәйтерек» АҚ құралдарын пайдалануды көздейтін қаржылық қолдау, атап айтқанда,   банкаралық  кредиттеу   (екінші деңгейдегі банктер арқылы кредиттеу),лизингтік  мәмілелерді қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемелерді  субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру, экспорттық қамсыздандыру, инновацияларға гранттар беру   қолжетімді болады.

Сонымен қатар, іріктелген компаниялар  McKinsey&Company-мен  ынтымақтастықта  консалтингтік  сүйемелдеуге қол жеткізе алады. Қатысушылар басқару саласындағы озық тәжірибемен танысады, басқару консалтингі саласында қызметтер ұсынатын жетекші  халықаралық компаниялардан  нақты практикалық ұсынымдар алады. 

Мемлекеттік органдармен  жалпысалалық әкімшілік кедергілерді жоюда іс-қимылды үйлестіру  - бағдарламаға  қатысушыларды қолдаудың тағы да бір құралы  болып табылады. 

Ағымдағы жылғы 3 ақпанда  өткен  Басқару комитетінің  отырысы шеңберінде хабарланғандай, соңғы екі ай  бойы  McKinsey&Company-мен    ынтымақтастықта үш сала бойынша  отандық өндірушілер  арасында іріктеу жүргізілді: АӨК (тамақ өнеркәсібін қоса алғанда), машинажасау және құрылыс материалдарын өндіру.

Берілген 300-ден астам өтінімнің ішінен  32 компания  іріктелді, олардың 20-сы – АӨК саласынан, 7-уі  - машинажасау саласынан және 5-уі - құрылыс материалдарын өндіру  саласынан.

Ағымдағы жылғы 18 мамырда  қатысушы компаниялардың тізбесі Бағдарламаның Басқару комитетінде бекітілді.  (Компаниялардың тізбесін төменде назарларыңызға ұсындық).

Қазіргі кезде қатысушы компаниялардың диагностикасы  басталды, соның нәтижесінде әр компаниямен  олардың бұдан әрі дамуына арналған ұсынымдар енгізілген   іс-шараларының жеке жоспары әзірленеді.

Дамир Мусин, жоба басқарушысы

тел. 8 (7172) 27-04-20

d.mussin@baiterek.gov.kz

Ербол Хайрулин, жоба басқарушысы

тел. 8 (7172) 91-91-56

y.khairulin@baiterek.gov.kz