Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы

Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874  Жарлығымен бекітілген Бағдарлама Қазақстан Республикасын   үдемелі  индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның қисынды жалғасы болып табылады және оны іске асыру тәжірибесі ескерілген. Бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі болып табылады әрі күш-жігер мен ресурстарды секторлардың шектеулі аясына, өңірлік мамандануға шоғырландыра отырып, кластерлік тәсілді қолдану арқылы өңдеу өнеркәсібін дамытуға және тиімді салалық реттеуге бағытталған. «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес ұйымдары бағдарламаның кейбір бағыттарын, атап айтқанда, ірі жобаларды қаржылық қолдауды, болашағы бар жобаларды Қазақстан аумағында іске асыру үшін инвесторлар іздестіруді жүзеге асырады. 

Бағдарлама паспорты  

Атауы

Мемлекеттік 2015 − 2019 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамудың бағдарламасы 

Жетілдірудің негіздемесі

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 922 «Қазақстан Республикасының дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары» атты Жарлығы.

2. Мемлекет Басшысының 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан халқына арналған «Қаазақстандық жол − 2050: біртұтас мақсат, біртұтас мүдделер, біртұтас болашақ» атты Жолдауы.

3. Мемлекет Басшысының Қазахстан Республикасы Президентінің қасындағы шетелдік инвесторлардың  Кеңесінiң XXVI пленарлық мәжілісінде берілген Тапсырмасы

Жетілдіруге жауапты

 

Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технология бойынша министрлігі

Мақсаты

 

Өңдеуші өнеркәсіпте әртараптандыруды ынталандыру және бәсекеге жарамдылығын көтеру;  

Міндеттер

1. Өңдеуші өнеркәсіпті өздіру дамыту;

2.Басымдылық секторларында тиімділікті көтеру және қосылған құндылықты көбейту;

3. Шикізаттық емес тауарларды өткізу үшiн нарықтарды кеңейту;

4. Нәтижелі жұмыспен қамтуды көбейту;

5. Өңдеуші өнеркәсіпте басымдылық секторларды технологиялық жаңа деңгейге келтіру және инновациялық кластерлерді қалыптастыру арқылы болашақтық секторларын дамытуға негізiн құру;

6. Өңдеуші өнеркәсіпте кәсіпкерліктi ынталандыру және кіші және ортаншы табыскерлікті дамыту.

Жүзеге асыру мезгілі

2015 -2019 жж.

Мақсатты индикаторлар

2019 жылға дейін 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда мынадай экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу:

1.   өндірілген өнеркәсіптік тауарлардың көлемін нақты көріністе 43% - ға арттыру;

2.   өңдеуші өнеркәсіптегі жалпы қосылған құнның нақты мәнде кем дегенде 1,4 есеөсуі;

3.   өңдеуші өнеркәсібінің жұмыс өнімділігін нақты мәнде кем дегенде 1,4 есе өсуі;

4.   шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық ауқымының  кем дегенде 1,1 есе өсуі;

5.   өңдеуші өнеркәсібінің энергия тұтынуын кем дегенде 15 %-ға төмендету;

6.   өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтылуының 29,2 мың адамға өсуі.

Қаржыландырудың деректемелері және көлемдері

2015 - 2019 жылдар аралығында Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен көзделген  жалпы шығындар 643 909, 6 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:

2015 жыл – 327 506,3 млн.теңге*

2016 жыл – 111 324,6 млн. теңге*

2017жыл – 74 464,6  млн. теңге*

2018жыл – 64 785,3  млн. теңге*

2019 жыл –  65 828,8 млн.теңге*

 

Түсінік*

сомасы тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады.